Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет75/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Әлеуметтік-экономикалық концепция
мемлекеттің пайда болуын мынандай 
факторлардың әсері мен олар қоғам еңбек бөлінісі, экономикалық 
қызығушылық, әлеуметтік қайшылықтар мен пайда болуы дейді (К. Маркс, Ф. 
Энгельс, Ленин). Марксистік теория (ХІХ ғ) мемлекеттің пайда болуын 
антагонистік класстарға бөлінуімен түсіндіреді. Экономикалық билеуші тап 
мемлекетті өзіне кедейлерді бағындыру үшін құрайды. 
Зорлық зомбылық теориясы
, яғни күштеу теория, жақтаушыларының 
ойынша, мемлекет тікелей саяси әрекеттіліктің нәтижесі, яғни сыртқы және 
ішкі зорлық зомбылықтың нәтижесі болып табылады. Күштеу теориясы - ол 
мемлекетті тікелей саясаттың әсері, яғни ішкі немесе сыртқы күштердің 
жаулаудың нәтижесі деп жариялайды. 
Мемлекеттің әлеуметік институт ретінде пайда болуы қоғамдық өмірдің 
күрделенуінің үрдістерін, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер мен 
қажеттіліктерді 
сипаттай 
алды. 
Мемлекеттің 
пайда 
болуы 
жалпы 
қажеттіліктердің және мүдделерді көрсетудің қажеттілігімен негізделген. 
Мемлекеттің жалпы мақсаттар мен мүдделерді орындауда артықшылығы оның 
жоғары ұйымдастырылуымен және билеушілер арасында еңбектің бөлінуімен 


байланысты болып келеді. Мысалға, заң шығарушылар құқықтық нормаларды 
өңдесе, әкімшілік оларды қоғамның мүшелеріне қолданады, ал сот азаматтар 
мен билік тарапынан құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды. 
Мемлекет саяси институт
ретінде оны үкіметтік емес саяси ұйымдардан 
ерекшеліндіретін қасиеттердің бір қатарына иеленеді. 
Біріншіден, барлық мемлекет төңірегінде саяси билік ұйымдасуының 
бірегей территориалдық ұйымы ретінде анықталады. Мемлекеттік билік барлық 
халыққа белгілі бір территория бойынша тарайды. 
Екіншіден, мемлекет саяси биліктің ерекше ұйымдастырылуын білдіреді. 
Ол өз кезегінде арнайы механизмге, органдардың жүйесі мен құрылымдарына 
иеленеді. Мемлекеттің механизмі заң шығарушы, атқарушы және сот 
биліктерімен ұсынылған. 
Үшіншіден, мемлекет құқық негізінде қоғамдық өмірді ұйымдастырады. 
Тек мемлекет жалпы міндетті сипатқа ие заңдардың көмегімен қоғамның өмірін 
реттеуге деген құқыққа иеленеді. 
Төртіншіден, мемлекет биліктің егеменді ұйымын білдіреді. Мемлекеттік 
биліктің егемендігі оның заң күшінің жоғарылығында және мемлекет 
төңірегінде басқа да билік тармақтарынан және басқа мемлекеттермен қарым 
қатынасында тәуелсіз болып келеді. 
Бесіншіден, мемлекет экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін 
салықтар мен басқалай ақшалай төлемдерді мәжбүрлі түрде алуға құқықылы 
болып келеді. 
4. Азаматтық қоғам түсінігі мен мәні. 
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, 
игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, 
кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми 
қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. 
Азаматтық қоғаммен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп 
өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей 
текетіреске де барып отырады. 
Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, 
оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында 
ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, 
мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-
шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен 
құқын аяққа басуға дейін барады. 
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. 
Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара 
қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен 
қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа 
материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп 
пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі 
әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп 
өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму 


кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, 
бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету 
үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп 
өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей 
текетіреске де барып отырады. 
Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, 
оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында 
ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, 
мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-
шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен 
құқын аяққа басуға дейін барады. 
Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне 
ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси 
жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, 
адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, 
түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын 
шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу 
ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға 
күш салды. 
Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны 
жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен 
айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, 
оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет