Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет80/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
2 сұрақ. 
Саяси билік органдарына сайлану дегеніміз басты мақсаты 
қоғамның ең қалаулы деген өкілдерін билікке, басқаруға ұсыеу ғана емес, 
көптеген мыңызды әлеуметтік саяси функцияларды орындау болып табылады. 
Сайлау әртүрлі әлеуметтік топтардың артикуляциясының ерекше механизмі. 
Сайлау кезінде адамдар өмірлік маңызды мәселелерді терең сезінеді. 
Сондықтан да билік органдарына ұсынылатын кандидаттардың сайлау 
алдындағы бағдарламалары қысқаша әрі нұсқа түрде тұрғын халықтың әртүрлі 
топтарының маңызды әлеуметтік қажеттіліктерін білдіріп, мүдделерін қорғап, 
білімді қамтамасыз ету керек. Сайлау ерекше саяси рынок, онда кандидаттар 
өзінің бағдарламаларының орнына сайлаушылардың өкілеттігін алады. Бірақ 
мұнда тек ең қызықты бағдарламалар сайлаушылар үшін аса бағалы саналады. 
Сонымен бірге бұл рыноктағы “валюта” сеніммен әсер ету сияқты, яғни ерекше 
формальды емес адамдардың өзара қатынасы қасиеттер орын алады. Сайлау 
тұрғын топтардың мүдделерінің арасында бейбіт түрдегі бәсекелестікті 
жүргізеді. 
Сайлау алдындағы күрес кезінде қарама – қайшы келетін саяси 
позицияларды бұқара халықтан қолдау табатын шешімдермен ауыстырады. 
Осы мақсатта сайлау институционализацияның басты бір тәсілдері ретінде 
және әлеуметтік қайшылықты шешетін әдістерінің бірі ретінде де болады. 
Сайлау күштеу, революцияға қарағанда қоғамдағы әлеуметтік – саяси 
қайшылықтарды қоғамға тән, сәйкес келетін формада шешетін тиімді 
әлеуметтік клапан болып табылады. Сайлау процесінде өкілдік қатынастардың 
пайда болуы мен институционализациясы сияқты маңызды функция атқарады. 
Қоғамның әрбір мүшесі қандай да бір әлеуметтік топтағы мүддесін білдіріп, 
билік органдарының өкілі бола алады. Сайлаудың функцияларының бірі 
ретінде сайлау компанияларының кезіндегі халықтың саяси қатысуының 
активизациясы, саяси социализациясы, жеке адамның ресоциолизациясын да 
айтуға болады. 
Демократиялық сайлаулар бірқатар принциптермен анықталады – жалпыға 
белгілі нормалар, олар өте құнды болады, өйткені осылар сайлауды 
демократияландырады. Бұл принциптер дауыс беру хұқығымен қамтамасыз 
етіледі, бұл әр елдерде әртүрлі болғанмен, оның негізгі белгісі адамның басты 
хұқықтарының бірі – дауыс беруді қамтамсыз етеді. “Дауыс беру хұқығы” – бұл 
ең негізгі хұқық болып табылады, онсыз барлық негізгі хұқықтардың мағынасы 
болмайды. Ол адамдарға индивид ретінде өз тағдырына бақылау жасайды. 
Дауыс беру адамзаттың ойлап тапқан ең қуатты инструменті болып табылады, 
ол әділетсіздік пен зұлымдықты, адамдардың бір – бірінен айырмашылығы 
үшін жазалағандарды құрту үшін шығарылған” – деген АҚШ президенті Л. 
Джонсон сайлау хұқы туралы айтқанда. 
Ал біздің елде жалпыға бірдей белсенді сайлау хұқығы – Республиканың он 
сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, 
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарамастан сайлауда дауыс беруге қатысу 


хұқығы. Жалпылық принципі барлық тұрғындардың белсенді түрде – 
сайлаушылыр ретінде және енжар түрде – кандидат ретінде сайлауға өзін 
ұсынуға хұқысы бар. Сондай- ақ сайлауға қатысудың ценздері де бар: жастық 
ценз, яғни кәмелетке толған кезде, ал кандидаттың жасы – неғұрлым жоғары 
деңгейде: жарамсыздық цензі, ол психикалық ауру азаматтарды сайлауға 
қатысу хұқысынан шектейді. Сонымен қоса, моральдық ценз, ол соттық шешім 
бойынша қудалауда немесе бас бостандығынан айыру жеріндегілерді сайлауға 
қатыстырмайды. Сондай-ақ тұрғылықты жерде түрақты тұруына байланысты 
ценз оседлости бар. Басқа ценздер жалпылық сайлауға қайшы келгендіктен 
қолданылмайды. Дегенмен, әр елдің өз заңына сәйкес болады. 
Демократиялық сайлаудың маңызды принциптерінің бірі – бәсекелестік – 
сайлауда бәсекелес партиялардың, кандидат, қозғалыстардың әртүрлі 
әлеуметтік топтардың мүддесін білдіре отырып қатысуы. 
Тағы да дауыс беру процедурасының барлық демократиялық ел 
мойындаған принциптері – құпия дауыс беру. Бұл принцип сайлаушылардың 
сыртқы әсерінің азаю мүмкіндігіндегі техникалық сипаттағы әртүрлі 
тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Құпия дауыс беру хұқын бұзғаны үшін заңда 
қатаң жазалау шаралары қарастырылған. 
Сайлау жүйесі
дегеніміз мемлекеттік сайлау органдарының құрылу тәртібі 
немесе сайлау ережелерінің жиынтығы. Бұл өкімет, парламент пен 
электораттың арасындағы қатынасты көрсететін ережелер. 
Сайлауды өткізу барысында демократиялық елдерде оның құқықтық заңды 
тәжіриебесі қалыптасқан. Ол сайлау жүйе. 
Сайлау жүйесі
дегеніміз 
мемлекеттік сайлау органдарының құрылу тәртібі немесе сайлау ережелерінің 
жиынтығы. Бұл өкімет, парламент пен электораттың арасындағы қатынасты 
көрсететін ережелер. 
Жалпы сайлау құқын бекіткен кезде дамыған елдерде 2 маңызды сайлау 
жүйесі қалыптасты: мажоритарлық және пропорционалды. Басында 
мажоритарлы сайлау жүйесі кең таралды. Мұның мәні мынада: яғни 
депутаттық орындар әрбір округте қай кандидаттың партиясы көпшілік 
дауысқа ие болса, соған тиесілі болады, ал қалған партия, кандидаттар ұсына 
алмай қалады. 
Мажоритарлық жүйе
заңның депутаттарға қандай көпшілікті, яғни 
салыстырмалы ма, әлде абсолюттіні талап ететініне байланысты болды. 
Мажоритарлық жүйеде дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл 
жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп 
шықты деп есептеледі. Бұл жүйенің негізгі принциптері: 
Мажоритарлық жүйе: 
Абсолютті көпшілік Салыстырмалы принцип 
Принципі (50+1) Қарсыластың дауысынан көп 
Пропорционалды жүйеде
мандаттар дауыс беру санына сәйкес 
партиялардың арасында бөлінеді. Кейде солшыл партиялар пропорционалды 


жүйені неғұрлым демократиялы деп мажоритарлыға қарсы қойған: 
пропорционалды жүйе бойынша. 
Пропорционалды жүйе жалпы ұлттық деңгейде сайлау округі кезінде 
бөлшектенбейді және дауыс берушілер саяси партияларға өз елдерінің 
шеңберінде дауыс береді. 
Бұл жүйе көп мандатты округтерде, округтер шеңберінде партияның 
өкілдері үшін дауыс бергенде жүреді, бұл кезде парламенттегі орындар 
округтегі партияның әсер етуіне байланысты бөлінеді. Яғни мұнда 
пропорционалды өкілдік принциптер қолданылады. Сайлау органдары, 
орындары осы партиялық тізім бойынша берілетін дауысқа байланысты. 
Кейбір елдерде аралас сайлау жүйесі кездеседі, мысалы: президенттік 
сайлау мажоритарлық жүйемен, парламенттік сайлау пропорционалдық 
принциппен. 
Пропорционалды жүйеде мандаттар дауыс беру санына сәйкес 
партиялардың арасында бөлінеді. Кейде солшыл партиялар пропорционалды 
жүйені неғұрлым демократиялы деп мажоритарлыға қарсы қойғын: 
пропорционалды жүйе бойынша. 
- Пропорционалды жүйе жалпы ұлттық деңгейде сайлау округі кезінде 
бөлшектенбейді және дауыс берушілер саяси партияларға өз елдерінің 
шеңберінде дауыс береді. 
- Бұл жүйе көп мандатты округтерде, округтер шеңберінде партияеың 
өкілдері үшін дауыс бергенде жүреді, бұл кезде парламенттегі орындар 
округтегі партияның әсер етуіне байланысты бөлінеді. Яғни мұнда 
пропорционалды өкілдік принциптер қолданылады. Сайлау органдары, 
орындары осы партиялық тізім бойынша берілетін дауысқа байланысты. 
- Ал кейбір елдерде аралас сайлау жүйесі кездеседі, мысалы: президенттік 
сайлау мажоритарлық жүцемен, парламенттік сайлау пропорционалдық 
принциппен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет