Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет85/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау
мен өткізу, өз 
мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың 
материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары 
жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады. 
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық 
қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы 
әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы 
әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту 
керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында 
қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік 
қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі 
азаяды. 
Қоғамның кай жігіне партияның ыкпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт 
қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау 
кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латыннын, 
сайлаушылар тобы деген сөзінен) кұрайды. Еуропадағы социал-демократиялық 
партиялардың 
дәстүрлі 
әлеуметтік 
негізіне 
жұмысшылар 
жататын. 
Либералдық-демократиялық партияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы 
қауым, ұсак кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға 
сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта 
буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. 
Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, 
солардың мүддесін де көздейді. 


Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік 
жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеалогия негізінде 
құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік 
органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс 
жүзіне асыруға белсене катынасады. 
Саяси партиялардың жіктелуі: 
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері 
бар. 
Мысалы, 
институциондық 
тәсіл 
партияларды 
топтастырғанда 
ұйымдастыру 
ерекшелігін 
басшылыққа 
алады, 
либералдық 
дәстүр 
идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер 
болса таптық белгілеріне айрықша мән береді. 
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М. 
Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына 
байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды 
ұйымдық қалыптасқан және ұйымдык қалыптаспаған деп те атайды). 
Кадрлықпен қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше 
саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге 
түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын 
уақыттылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. 
Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, 
ГФР-дің 
Христиандық-демократиялық 
одағы, 
Жапония 
либералдық-
демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық 
партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін 
сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми 
мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, 
мұндайларға АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, 
Англия лейбористер партиясы т. т. 
60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен 
екі партиясынан басқа әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар 
партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі - партияның 
мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, 
этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай 
партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек 
алуда. 
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет