Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет86/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

партияларды төрт түрге
топтастырады: 
І. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы 
жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның 
жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық 
конгресс партиясы, бұрынғы СОКП. 
2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау 
алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т. т. Оларда 
тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-
тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық 


азамат "Мен демократиялық партияның мүшесімін" демейді," Мен демократтар 
үшін дауыс беремін" дейді. 
3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға 
дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, 
қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер 
меи муниципалитеттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер 
(фракциялар) жасайды. Премьер-Министрдің кандидатурасы мен үкімет 
кұрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, 
Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай. 
4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды 
ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара 
қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға 
"Жасылдар" партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, 
соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады. 
Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге
жүйелеп жүр. 
1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. 
Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам 
құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін 
мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. 
Батыста мұндай партиялардың айтарлыктай салмағы жоқ. 
2. Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. 
Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы 
реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: 
бостандық, әділеттілік, ынтымактастық, тендік. Оған жататындар: Австрияның, 
Германияның, 
Швецияның 
социал-демократиялық 
партиялары, 
Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т. б. 
Қазіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен-күнге нашарлап, 
азып-тозып бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-
демократтардың 
әлеуметтік 
және 
экологиялық 
жағынан 
жаңарған 
индустриялық мәдениеттілік орнатпақта ойлары бар. 
3. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар ХІХ ғасырда Еуропа мен 
Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді 
басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, 
өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс 
алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға 
(партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында 
бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын калайды. 
Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның 
социал-либералдық партиясы және т.б. 
4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін 
қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық 
ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жасайды. Мысалы, АКШ-тың 
республикалық партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік одағы мен 
Христиандық 
демократиялық 
одағының 
блогы, 
Ұлыбританияның 
консервативтік партиясы, т.т. 


5. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым 
болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен 
бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл 
тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар 
кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған 
неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет