жүргізсе, ол құпия партияға жатады. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған
құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етіп кояды. Егер құпия партияны халық
шынымен қолдап, беделі зор болса, оны ресми мойындамағанымен жұмысын
тоқтата алмайды. Оның айғақтығын құпия жағдайда жүріп
отаршылдыққа
қарсы қажырлы күрес жүргізген көптеген ұлт-азаттық партиялардың даму
жолынан байқауға болады.
Саяси партиялардың негізгі қызметтері:
- жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге
көтеру;
- басқа партиямен бәсекелестікте болу;
- белсенді мүшелерін саяси элитаға еңгізу;
- мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы
байланысты тұрақты ету,
дамыту;
- қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.
Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың
басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке
ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: