Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет90/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Қоғамның мәдениетін анықтайтын мәдениетті басым деп атайды
. Яғни, 
Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б. арқылы қалыптасып, тілде 
көрініс тауып, анықталады. Тіл -адамзаттың білімі мен тәжрибені сақтап, оны 
ұрпақтарға жеткізу құралы. Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-
бірімен байланыстыратын құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, 
элементтің өзінше маңызы бар. Олардың әрқайсысы жоқ объектілердің қарама-
қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып 
саналады. Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде біліп 
үйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, 
бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үгітін 
қолданады. Мәдениеттің екінші элементі - ол құңдылық, танымдылық жүйесі. 
Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе 
әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірліктердің) мұң-мүқтажын, 
мүддесін, 
талап-тілектерін, 
қажеттілігін 
қанағаттаңдыратын 
құбылыс, 
процестердің, т.б. қасиеттерін айтамыз. 
Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің мұң-мұқтажын, талап-тілегін, 
қажеттілігін білу негізінде және оларды сыртқы дүниедегі басқа заттармен, 
құбылыстармен салыстыру арқылы қалыптасады. Керісінше де солай. Бұл 
қүндылық қатынастар әр уақытта даму, өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан 
түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажетті элемент болып 
есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, 
салт-дәстүр, әдет-ғүрыптар, арман, мүрат, т.б. толып жатқан құбылыстар мен 
процестер ретінде көрінеді. Бұл аталғандар адамдардың алдын ала жасалатын 
іс-әрекетінің, бір-бірімен қатынас, байланысының, еңбек пен қызметінің, 
тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің, т.б. 
бағдарламасы болып саналады. 
Осыларға сәйкес қазіргі кезенде мәдени әлеуметтану бұрын болмаған 
коптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да мәселелерді жан-жақты, 
кеңінен зерттеуде. Олардың басты бағыттары мыналар: 
1.
Мәдениеттің материалдық саласы
: еңбек мәдениетін оқып білу, зерттеу 
(оның ішінде еңбек, еңбек процесі, өндірісті басқару және әр түрлі еңбекшілер 
тобының мәдени-техникалық дәрежелерінің көтерілу жағдайлары); тұрмыстық-
материалдық мәдениеті, оның ішінде тұрмыстық еңбекті, заттың ортаға 
қатынасы, әрбір халықтың, ұлттың мәдени тұрмыстық әдет-ғүрпы, салты; өтксн 


уақыттағы құндылықтарды сақтау жөнінде бұқара халықтың ой-пікірін, 
қозғалысын ұйымдастыру, еліміздің территориясын мекендейтін халықтардың 
экономикалық мәдениетін оқып, біліп зерттеу, әр жынысты адамдардың 
өндірістегі мәдени қатынастарын, т.с.с кеңінен зерттеу. 
2.
Мәдениеттің саяси
(оған құқықты мәдениетті кірігіп отырып) саласында: 
қоғамның барлық салаларында еңбекшілердің қоғамды, өндірісті басқаруға 
белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін дамыту, адамдардың 
алуан түрлі топтарының, жіктерінің саяси және экономикалық білімін көтеру, 
олардың саяси белсенділігін арттыру, т.б. (Бұл жерде мәдени әлеуметтану саяси 
әлеуметтанумен тығыз байланысты). 
3.
Экономикалық мәдениет
саласында нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің 
экономикалық білімдерін, олардың нарықтық қатынастардың толық игеріп, 
меңгеруі басты мәселе ретінде зерттеледі. 
4.
Мәдениеттің рухани саласында
: Ел-жүрттың әрбір топтарының мәдени 
іс-қызметі және мәдени дәрежесінің көтерілуін; аймақтық (территориялық) 
бірліктердегі (қала, село) рухани мәдениеттің жағдайы мен дамуын; рухани 
мәдсниеттің әр түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет, 
адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың қызметкерлерінің (клуб, театр, 
музей, кітапхана, т.б.) іс-қызметін; ел-жүрттың әр түрлі мәдени қызметін (оқу, 
мамандандырылған емес техникалық және көркемдік шығармашылықпен 
үштастырып терең, жан-жақты зерттеу; қала мен ауыл-сслолардың, 
облыстардың, жалпы республиканың мәдени дамуының әлеуметтік және 
болжам жоспарларын зерттеу, т.б. жатады. 
Жалпы алғанда, мәдени салалардағы осы зерттеулердің басты мақсаты - ол 
еңбекші бұқара халықтың әлеумсттік белсенділігін, олардың адамдық 
факторларының белсенділігін арттыру және жаңаша ойлау, іс-әрекет, қызмет 
жасауды қалыптастыру көзделген. Мәдениет әлеуметтануы қарыштап дамып 
келк жатқан жеке дара ғылыми- мәдени теориямен тығыз байланысты. 
Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан 
мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зеріттейді. 
Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-тарихи процесс, әр түрлі 
мәдениеттердің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал, мәдени әлеуметтану 
қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орынына және нақтылы 
әлеуметтік орада оның қызмет істеуіне баса көңіл аударады. Бұл мәселелерді 
мәдениет теориясы зерттемейді. 
Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі - мәдениеттің ерекше 
құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық 
мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы 
мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады. Мұнан әрі мәдени 
әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген іс 
қызметтің орындалу мазмұндарын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет