Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


НЕСЕПАҒАР. ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ, НЕРВТЕНУІ



Pdf көрінісі
бет114/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

НЕСЕПАҒАР. ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ, НЕРВТЕНУІ 
НЕСЕПАҒАР (ureter),
бүйрек қақпасынан шығып несепқуыққа ашылады. Несепқуықтың 
қызметі бүйректен шығарылған несепті несепқуыққа жеткізу. Несепқуықтың орташа 
ұзындығы 30 см. диаметрі 8 мм шамасында, сонымен қоса ішкі саңылауының диаметрі 4 
мм. Несепағардың өне бойында үш физиологиялық тарылу ажыратылады: бүйректен 
шыға бере, іш бөлігінен жамбас бөлігіне өткенде және несепқуыққа кіргенде. 
Несепағарлар бүйректердей ішастар артында орналасқан. Несепағар топографиялық үш 


201 
бөлікке бөлінеді: іштік, (pars abdominalis), жамбастық (pars pelvina) және қабырғаішілік. 
Іштік бөлігі белдің үлкен бұлшықеті үстінде орналасқан. Сол несeпағар он екі елі ішектің 
аш ішекке өтетін тұсының артында орналасса, оң несепағарды он екі елі ішектің 
төмендеген бөлігі алдынан жауып жатыр. Еркектерде несепағармен атабез артериясы 
және венасы, ал әйелдерде анабез артериясы мен венасы қатар жүреді. Несепағардың 
жамбастық бөлігінің ішкі саңылауы тарлау. Оң несепағардың осы бөлігі ішкі мықын, ал 
сол жақтағысы жалпы мықын артериялары мен веналарының алдында орналасқан. 
Әйелдер несепағарының жамбастық бөлігі әуелі анабездің артымен төмен түсіп, жатыр 
мойнын сыртынан айналып өтіп, несепқуық пен қынаптың алдыңғы қабырғасы 
аралығында аяқталады, ал еркектер несепағарының жамбастық бөлігі әуелі шәует 
шығаратын түтіктің сыртымен төмен түседі, әрі қарай оны кесіп өтіп шәует қуықшасынан 
сәл төменірек несепқуыққа ашылады. Несепағардың қабырғаіші бөлігі ең қысқасы, оның 
ұзындығы 2 см-ден көп емес. Несепағар сыртынан адвентициямен (дәнекер) (tunica 
adventitia) оның астында жоғарғы бөлігінде екі қабаттан, ал төменінде үш қабаттан 
тұратын бұлшықеттік қабық (tunica muscularis) орналасқан. Ішкі қабығы – шырышты 
(tunica mucosa) қабат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет