Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Жасушалық (Т-лимфоциттер, яғни тимус тәуелділер) және  гуморальдық



Pdf көрінісі
бет123/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Жасушалық
(Т-лимфоциттер, яғни тимус тәуелділер) және 
гуморальдық
(В – лимфоциттер, бурса тәуелділер) – антидене бөліп шығарушылар. Ұрықта лимфа 
жасушалары қай жерде өсіп дамитыны әлі толығынан анықталмаған, бірақ олардың 
бауыр мен сүйек майының мезодермасынан дамиды деген жорамал бар. 
Әрі қарай сабаулық жасушалар сүйек майынан иммун мүшелері – тимуске, Т-
лимфоциттер пісіп жетілетін орынға және құстарда клоака аймағындағы Фабрициус 
қалтасына (бурсаға – 300 жыл бұрын алғашқы рет Фабрициус жазған) көшеді. Ал В-
лимфоциттердің пісіп-жетілетін нақты орны әлі жорамал түрінде қалып отыр. 
Бір топ зерттеушілер оларды сүйек майы жасушаларының бір түрі деп оның атын 
сүйек 
майының 
ағылшынша 
аудармасымен 
байланыстырса, 
екінші 
топ 


230 
зерттеушілердің жорамалдары бойынша адамдарда Фабрициус бурсасына сәйкес 
келетіндер, таңдай бадамшалары, не болмаса аппендикс пен ішек эпителиймен 
байланысқан лимфа шоғырлары болуы мүмкін екенін көрсетеді. 
Денеде шашыла орналасқан түзілістердің барлығы ортақ белгілері арқылы бір 
иммундық жүйеге біріктіріледі: 
1.
Барлығының шығу тегі бір. 
2.
Олардың құрамында міндетті түрде лимфа тіндері бар. 
3.
Ортақ қызметі – денені бөгде заттардың енуінен қорғау. 
4.
Барлық иммун жүйесі ағзаларына тән нәрсе эмбриогенез үрдісінде өте ерте дамуы, 
постнатальды уақытта тез пісіп жетілуі. 
Иммун жүйесінің орталық ағзаларының шеткісінен айыратын мынандай 
ерекшеліктері бар: 
1.
Иммун жүйесінің орталық ағзаларында сабау жасушаларынан әр текті 
лимфоциттер пайда болады – сүйек маңайында В – лимфоциттер, тимуста Т-
лимфоциттер; 
2.
Иммун жүйесінің орталық ағзалары жақсы қорғалған орындарда орналасқан (сүйек 
майы сүйек ішінде, тимус кеуде қуысында). 
3.
Орталық ағзалардың лимфатәрізді тіні шеткі ағзалардағыдай лимфатәрізді 
түйіншелермен шоғырлар түзбейді. 
Шеткі иммун ағзалары орталықтан төмендегі белгілермен ерекшеленеді: 
1. Лимфа түйіншелерінен түзіледі. 
Т-лимфоциттер клеткалық иммунитет түзеді. 
В-лимфоциттер гуморальды иммунитет түзеді (өзінен антидене шығару). Лимфа 
түйіншелерінің пісу барысында В-аймағында ақшыл орта, даму ортасы пайда болады. 
2. Олар сырттан енетін және дененің өз ішінде пайда болатын бөгде заттармен 
микроорганизмдердің жолдарында орналасады. 
Лимфа түйіншелері иммун жүйесі ағзаларының негізін құраушы морфологиялық 
түзіліс.
Академик М.Р.Сапиннің айтуынша лимфа түйіншелерін иммун жүйесі 
ағзаларының морфо-қызметтік бірлігі деп санауға болады. Лимфа түйіншелері өте тығыз 


231 
орналасқан лимфа жасушаларының шоғырлары болып саналады және олар әртүрлі 
аталады – лимфа фолликулалары, лимфа түйіншелері. 
Лифа түйіншелері фолликул деп аталу себебі оларды зерттеп сипаттаған алғашқы 
анатомдар жоғарыда айтылғандай түйіншелер ортасында ақшыл дөңгелек байқаған 
(көбею ортасы) оны қуыс деп ойлап осылай атап кеткен. Кейінгі уақыттағы электронды 
микроскопиялық, иммуноморфологиялық, гистохимиялық зерттеулер фолликул дегеніміз 
лимфа түйіншелері екенін толығымен дәлелдеді. 
Лимфа тәрізді түйіншелер алғашқы дамуынан бастап ең жоғарғы ұйымдасу 
деңгейіне дейін (жоғарғы белсенділік кезеңі) бірнеше сатыдан өтеді: 
1.
Ошақтәрізді жиынтық – шашыраңқы лимфатәрізді ұлпаның пайда болуы. 
2.
Шашыраңқы лимфатәрізді ұлпаларда лимфатәрізді түйіншелердің (көбею 
орталығысыз) пайда болуы. 
3.
Лифатәрізді түйіншелерде көбею орталығының пайда болуы 
4.
Оның жойылуы, орны майлы жасушалармен алмасуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет