Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет144/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

ақ заты
,
substantia alba
, сұр затты қоршай орналасып, оң және сол 
жақтарында үш жіпшеге бөлінеді. 
Алдыңғы жіпше

funiculus anterior
, алдыңғы орталық 
саңылау мен алдыңғы түбіршіктің аралығында; 
бүйір жіпше

funiculus lateralis
, алдыңғы
және артқы түбіршіктердің аралығында; ал 
артқы жіпше

funiculus posterior
, артқы 
орталық жүлге мен артқы түбіршіктердің аралығында орналасқан. Жіпшелер нерв 
талшықтарының будаларынан түзілген. Будалардың үш түрі ажыратылады: 
1.
Ассоциативтік будалар,
артқы мүйізде орналасқан ендірме нейрондарды өз 
сегментіндегі сонымен қатар жоғары және төмен орналасқан 6-7 сегменттердің 
алдыңғы мүйіздерінде орналасқан қозғалтқыш нейрондармен қосады.Олар сұр 
затты қоршай орналасқан ақ заттың
 
жіңішке қабатын- 
меншікті будаларды

fasiculi 
proprii
,түзеді. 
2.
Жоғарылаған (сезімтал) өткізгіш жолдар,
нервтік импульсты миға жеткізеді. 


259 
3.
Төмендеген ( қозғалтқыш

өткізгіш жолдар,
нервтік импульсты мидан жұлынның 
алдыңғы мүйізіне өткізеді. 
Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар филогенездік даму барысында кеш 
пайда болып (жаңа түзіліс ), жұлын мен мидың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар 
сегментүстілік өткізгіш
аппарат
деп аталады. 
Жұлынның сегменттік ( меншікті) аппараты
филогенездік даму барысында ерте 
пайда болып (ескі түзіліс), шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді, оның құрамына 
жұлынның сұр заты, артқы және алдыңғы түбіршіктері және ақ заттың меншікті будалары 
енеді.
Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде – жоғарылаған және 
төмендеген өткізгіш жолдар, алдыңғы жіпшеде,негізінен, төмендеген өткізгіш жолдар 
орналасады. 
Артқы жіпше, 
артқы аралық жүлге 
арқылы, медиалды орналасқан
жіңішке 
будаға, fasciculus
gracilis,
(Голль будасы) және латералды орналасқан 
сынатәрізді будаға, 
fasciculus cuneatus,
(Бурдах будасы) бөлінген. Аталған екі буда арқылы саналы 
проприоцептивтік сезімнің өткізгіш жолы және жанасу, қысым сезімінің өткізгіш 
жолының бір бөлігі өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет