331
дақтар (maculae cribrosae) болады. Кіреберістің сыртқы қабырғасында кіреберіс терезесі
(fenestra vestibuli) мен ұлу терезесі (fenestra cochleae) орналасады.
Үш
–
алдыңғы, артқы және латералды
сүйекті жартылай дөңгелек өзектер
(canals
semicirculares ossei) кіреберістен артқа және сыртқа орналасып, бір-біріне үш
перпендикулярлы жазықтық бойынша жатады: алдыңғы – сагитталды, артқы – фронталды
және латералды – горизонталды. Әр өзекте доға мен екі аяқшаны ажыратады, екі
аяқшаның біреуі кіреберіске ашылатын кезде ампула (ampulla ossea) түрінде кеңейген.
Жартылай дөңгелек өзектер аяқшаларымен кіреберіске ашылады: барлық аяқшалар жеке
тесіктермен ашылады, ал алдыңғы және артқы жартылай дөңгелек өзекшелердің көршілес
(ампуладан бос) аяқшалары кіреберіске ашылғанға дейін бір жалпы аяқшаға бірігеді.
Нәтижесінде үш өзектің кіреберіске апаратын бес тесігі болады.
Лабиринттің алдыңғы төменгі бөлігін түзетін
ұлу (cochlea)
сүтқоректілерде, соның
ішінде адамда барынша дамыған. Ол ұшына қарай біртіндеп тарылатын және сүйекті білік
(modiolus) айналасында екі жарым айналым жасайтын иірмелі өзектен (canalis spiralis
cochleae) тұрады. Сүйекті білік ұшы сыртқа, ал ішкі есту жолының түбінен түзілетін негізі
ішке бағытталып, горизонталды орналасады. Білік негізінде ұлу нервінің талшықтары
өтетін, біліктің иірмелі өзегіне (canalis spiralis modioli) апаратын көптеген ұсақ тесіктер
болады. Өзектің ішінде біліктің сыртқы бетінде екі жарым айналым жасайтын жұқа
сүйекті иірмелі табақша (lamina spiralis ossea) болады, ол ұлу өзегі қабырғасының қарама-
қарсы жағына толық жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: