95
Бассүйектің
жіктері
, suturae cranii,
фиброзды қосылыстарға жатады. Бассүйек
күмбезінің сүйектері жіктер арқылы қосылады. Маңдай және шеке сүйектерінің
арасындағы тісті жік –
тәжді жік, sutura coronalis,
екі шеке сүйегінің
арасындағы
сагитталды жік, sutura sagittalis,
шеке және шүйде сүйектерінің арасында тісті жік –
ламбдатәрізді жік, sutura lambdoidea,
деп аталады. Самай және шеке сүйектерін
қабыршақты жік, sutura squamosa,
байланыстырып жатады. Бет сүйектері бір-бірімен
тегіс жіктер, sutura plana
, арқылы қосылады.
Жіктердің атауы бір-бірімен
байланысатын екі сүйектің аттарымен белгіленеді, мысалы,
sutura frontonasalis, sutura
sphenonasalis
, және т.с.с.
Шеміршекті қосылыстар көп емес, олар бассүйектің негізінде кездеседі.
Сынатәрізді-шүйделік синхондроз, synchondrosis sphenooccipitalis,
– сынатәрізді
сүйектің денесі мен шүйде сүйектің базилярлық бөлігінің
арасында орналасқан жұқа
шеміршекті табақша. Ол 16-18 жас аралығында синозтозға өтеді.
Сынатәрізді-тастық,
synchondrosis sphenopetrosa,
және
тастық-шүйделік синхондроздар, synchondrosis
petrooccipitalis,
аттас саңылауларды толтырып жатады.
Сынатәрізді-кеңсіріктік
синхондроз, synchondrosis sphenoethmoidalis,
сынатәрізді сүйектің кеңсірікпен (торлы
сүйек) байланысқан жерінде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: