Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет54/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

, articulationes intercarpales, 
білезіктің жеке сүйектерінің 
араларында орналасқан. Оларды сүйектердің бір-біріне қараған, пішіндері жалпақ 
болып келетін буындық беттері түзеді. 
Білезіктің ортаңғы және білезікаралық буындарын бекітетін байламдар: 
білезікаралық алақандық байламдар, ligg. intercarpalia palmaria,
жеке сүйектерді 
алақандық беттері жағынан қосып, негізінен көлденең бағытта орналасады; 
білезікаралық сыртқы байламдар, ligg. intercarpalia dorsalia, 
жеке сүйектерді сыртқы 
жағынан қосып, оларда негізінен көлденең бағытта орналасады. Алақандық бетте 
жақсы дамыған 
білезіктің тарамдалған байламы, lig. carpii radiatum, 
бар, ол басты 
сүйектен басталып, тарамдалып көрші сүйектерге бекиді. 
Білезікаралық сүйекаралық 
байламдар, ligg. intercarpalia interossea, 
жеке сүйектердің аралықтарында, буын ішінде 
орналасады. 
Бұршақтәрізді және үшқырлы сүйектер жеке – 
бұршақтәрізді сүйектің буынын,
articulatio ossis pisiformis, 
құрайды. Ол сирек жағдайда кәрі жілік-білезік буынымен 
байланыста болады. Бұл буынды m.flexor carpi ulnaris-тің жалғасы болып табылатын екі 
байлам: 
бұршақ-ілмектәрізді байлам, lig. pisohamatum,
және ІV-V алақан сүйектерінің 
негізіне баратын 
бұршақ-алақан сүйектік байлам, lig. pisometacarpale, 
бекітіп тұрады. 


103 
Білезікаралық буындарда бүгу, жазу кезінде сүйектердің өзара аздаған ығысуы 
іске асады. 
Білезік-алақан сүйектік буындар
, articulationes carpometacarpales,
бас бармақтың 
білезік-алақан сүйектік буыны және ІІ-
 
V саусақтардың білезік-алақан сүйектік 
буындары деп бөлінеді. Оларды білезіктің дисталды қатарының сүйектері мен алақан 
сүйектерінің негіздері түзеді. 
Бас бармақтың білезік-алақан сүйектік буыны
, articulationes carpometacarpales 
pollicis, 
трапециялық сүйектің дистальды беті мен І алақан сүйектің негізі аралығында 
түзілген. Пішіні бойынша ертоқымтәрізді, екі білікті буын. Трапециялық сүйек арқылы 
өтетін фронталды білік бұл буында тікелей фронталды жазықтықта емес, оған біраз 
бұрыш түзе орналасады. Осыған байланысты бүгу кезінде бас бармақ басқа саусақтарға 
қарсы алақан жаққа қозғалады, бұл қимыл - 
oppositio
(қарсы қою),
ал жазу – 
repositio (кері қою),
деп аталады. Бірінші алақан сүйектің негізі арқылы өтетін 
сагитталды біліктің айналасында бас бармақты сұқ саусаққа әкелу және әкету 
қимылдары іске асады. Аталған екі біліктің айналасындағы қимылдар өзара жалғасқан 
кезде циркумдукция қимылы іске асады. 
ІІ-V 
саусақтардың 
білезік-алақан 
сүйектік 
буындары

articulationes 
carpometacarpales II-V, 
білезіктің дисталды қатарының сүйектері мен II-V алақан 
сүйектерінің негіздері құраған күрделі буын. Буын қапшығы төрт буынға ортақ, жұқа, 
бірақ қатты тартылған, буын қуысы көлденең орналасқан саңылау түрінде болады. 
Буын қуысы білезікаралық буындар арқылы білезіктің ортаңғы буынымен, сонымен 
қатар алақан сүйектер аралық буындармен байланыста болады. Буын пішіні бойынша 
жалпақ, көп білікті, қосылысатын буындық беттерінің айырмашылығының аз және 
мықты байламдарының болуына байланысты, бұл буында қозғалыс өте аз көлемде іске 
асады. Буынды, алақандық және сыртқы жақтарынан мықты 
білезік-алақан сүйектік 
алақандық байламдар, ligg. carpometacarpalia palmaria, 
және 
білезік-алақан сүйектік 
сыртқы байламдар, ligg. carpometacarpalia dorsalia, 
бекітіп тұрады. 
Алақан сүйектер аралық буындар
, articulationes intermetacarpales,
II және V 
алақан сүйектері негіздерінің бір-бірімен жанасып тұратын беттері арқылы түзілген. 
Байламдары: 
алақан сүйектік алақандық байламдар, ligg. carpometacarpalia palmaria,
және 
алақан сүйектік сыртқы байламдар, ligg. carpometacarpalia dorsalia,
қатар 
орналасқан алақан сүйектерін көлденең бағытта қосады; буын ішінде 
алақан сүйектік 


104 
сүйекаралық байламдар, ligg. carpometacarpalia interossea, 
жатады. Бұл буындарда, қол 
басының бүгілуі және жазылуы кезінде сүйектердің аздаған ығысуы болады. 
Алақан сүйектік-бунақтық буындарын
, articulationes metacarpophalangeales,
I-V 
алақан сүйектерінің бастары мен І-
 
V саусақтардың проксималды бунақтарының 
негіздері құрайды. Бас бармақтан басқа алақан сүйектері бастарының пішіндері 
шартәрізді, проксималды бунақтардың буындық беттері эллипстәрізді. Буын екі білік 
айналасында қозғалады. Фронталды білік бойынша бүгу және жазу 90° шамасында, 
сагитталды білік айналасында әкелу және әкету қимылдары 45-50° көлемінде жүреді. 
Екі білік айналасында шеңбер бойынша қозғалыс (циркумдукция) іске асады. 
Байламдары: буындардың екі жағында, 
жанама байламдар, ligg. collateralia
, алақандық 
бетінде мықты 
алақандық байламдар, ligg. palmaria, 
өтеді. ІІ-V алақан сүйектерінің 
бастарын қосатын үш
алақан сүйектік көлденең терең байламдар, ligg. metacarpeum 
transversum profundum, 
оларды ажырап кетуден сақтайды. 
Бас бармақтың алақан сүйек-бунақтық буыны,
art. metacarpophalangealis pollicis, 
пішіні бойынша шығыршықтәрізді, онда бүгу және жазу қимылдары іске асады. 
Қол басының бунақаралық (аяқта бақайшақаралық) буындарын
, articulationes 
metacarpophalangeales manus, 
көршілес бунақтардың бастары мен негіздері түзеді. Бұл 
буындар ІІ және V проксималды және ортаңғы, ортаңғы және дисталды бунақтарының 
арасында орналасады. Буындардың қапшықтары бос, бүйір жақтарында 
жанама 
байламдар, ligg. collateralia
, алдында – 
алақандық байламдар, ligg. palmaria, 
жатады. 
Буындар – шығыршықтәрізді, фронталды білік бойынша бунақтардың бүгілуі және 
жазылуы 90°-қа дейін іске асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет