Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет60/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

асық-қайықтәрізді байлам,
lig. 
talonaviculare,
буынның жоғарғы жағында орналасқан жалпақ күшті байлам – асық 
сүйектің мойны мен қайықтәрізді сүйекті байланыстырып тұрады. 
Өкше-қайықтәрізді 
табандық байлам,
lig. calcaneonaviculare plantare, 
өкше сүйектің 
асықтық тірегінен
басталып, қайықтәрізді сүйектің табандық бетіне бекиді. Байлам асық сүйектің басын 
ұстап тұрады және буындық ойысты түзуге қатысады. Байлам босап созылғанда 
асықтың басы түсіп, аяқ басы жалпаяды. 
Тілерсектің қойнауында
(sinus tarsi),
өте 
мықты, қатты керілген 
асық-өкшелік сүйекаралық байлам, lig. talocalcaneum 
interosseum, 
орналасып, асық пен өкше сүйектерді бекітіп тұрады. 
Асық-өкше-қайықтәрізді 
буын 
пішіні 
бойынша 
шартәрізді 
буындарға 
жатқанымен, буындағы қимыл тек сагитталды білік айналасында (әкелу, әкету) өтеді. 
Бұл буындағы қозғалыс асықастылық буындағы қозғалыспен бірге жүреді, яғни екі 
буын үйлесімді қызмет атқарады. Қозғалыс кезінде асық қозғалмай орнында қалады, ал 
өкше және қайықтәрізді сүйектермен бірге бүкіл аяқ басы қозғалады. Әкелу кезінде аяқ 
басының медиалды жиегі көтеріледі – 
adductio
, сыртқы беті латералды жаққа бұрылады 
– 
supinatio
, яғни аддукция мен супинация бір уақытта өтеді. Әкету кезінде аяқ басының 
латералды жиегі көтеріледі – 
abductio
, ал сыртқа беті медиалды жаққа бұрылады – 
pronatio
, бұл жағдайда да абдукция мен пронация бірге жүреді (қозғалыстың жалпы 
көлемі 15-55° аралығында өтеді). 
Өкше-текше буыны
,
articulatio calcaneocuboidea, 
өкше сүйектің текшелік 
буындық беті мен текше сүйектің артқы буындық беті арқылы түзілген. Буын қапшығы 
буындық беттердің жиектеріне бекіп, табандық және сыртқы байламдармен бекітілген. 
Табандық ұзын байлам,
lig. plantare longum, 
аяқ басы байламдарының ішіндегі ең 
мықтысы, өкше сүйек төмпесінің төменгі бетінен басталып, алдыға жүріп, текше 
сүйектегі 
sulcus tеndinis m. peronеi longi
арқылы өтіп (бұл жүлгені сүйекті-фиброзды 
өзекке айналдырады), ІІ-V табан сүйектерінің негіздеріне бекиді. Бұл байламның 
тереңіндегі 
өкше-текшелік табандық байлам,
lig. calcaneocuboideum plantare, 
өкше 
және текше сүйектерінің аралығында буын қапшығына жанасып жатады. 
Өкше-текше буыны пішіні бойынша ертоқымтәрізді, бірақ бір білікті буын 
ретінде сагитталды біліктің айналасында шектеулі қозғалады. Бұл қозғалыс 
асықастылық және асық-өкше-қайықтәрізді буындармен үйлесімді жүреді. 


115 
Хирургиялық тұрғыдан 
өкше-текше буыны
мен асық-өкше-қайықтәрізді буынның 
бөлігі – 
асық-қайықтәрізді буынды

тілерсектің көлденең буыны,
articulatio tarsi 
transversa, 
(Шопар буыны) деп атайды. Себебі, операция кезінде осы екі буынға ортақ 
айырық байламды,
lig. bifurcatum, 
(Шопар буынының кілті) кескен кезде екі буынның 
қуысы бір-бірімен қосылады. Бұл байлам өкше сүйектің жоғарғы жиегінен басталып, 
екі байламға бөлінеді, латералдысы – 
өкше-текше байламы,
lig. calcaneocuboideum,
текше сүйектің жоғарғы бетіне, медиалдысы – 
өкше-қайықтәрізді байлам,
lig. 
calcaneonaviculare, 
қайықтәрізді сүйекке бекиді. 
Сына-қайықтәрізді буын
,
articulatio cuneonavicularis, 
үш сынатәрізді сүйектердің 
артқы, қайықтәрізді сүйектің алдыңғы және текше сүйектің медиалды буындық 
беттерінен түзілген. Буын қапшығы қатты тартылып, буындық беттердің жиектеріне 
бекіген. Буынды: 
сына-қайықтәрізді сыртқы және табандық байламдар,
ligg. 
cuneonavicularia dorsalia et plantaria; сынааралық сыртқы және табандық байламдар, 
ligg. intercuneiformia dorsalia et plantaria; сынааралық сүйекаралық байламдар, ligg. 
intercuneiformia interossea, 
байламдары бекітіп тұрады

Буынның қуысы екінші 
тілерсек-табан сүйек буынының қуысымен, сынатәрізді сүйектердің аралықтарындағы 
саңылаулар арқылы жалғасып жатады. Буын пішіні бойынша жалпақ, аяқ басына күш 
түскен кезде сүйектердің бір-біріне қатысты аздаған жылжуы іске асады (серпімділік 
қызметі). 
Тілерсек-табан сүйектер буындары
,
articulationes tarsometatarsales,
(Лисфранк 
буыны) табан сүйектерінің негіздері мен үш сынатәрізді және текше сүйектерінің 
дисталды буындық беттері арқылы түзілген. Олар: 1) медиалды сынатәрізді сүйек пен 
бірінші табан сүйектің аралығында; 2) аралық және латералды сынатәрізді сүйектер 
мен екінші, үшінші табан сүйектерінің аралығында; 3) текше сүйек пен төртінші және 
бесінші табан сүйектерінің аралығында үш жеке буындар түзеді. Осы буындардың 
қапшықтары буындық беттердің жиектеріне бекиді. Байламдары: 
тілерсек-табан 
сүйектік сыртқы 
және
табандық байламдар,
ligg. tarsometatarsalia dorsalia et 
plantaria, 
буынның сыртқы және табандық беттерінде орналасқан; сынатәрізді және 
табан сүйектерін үш 
сынатәрізді-табансүйектік сүйекаралық байламдар,
ligg. 
cuneometatarsalia interossa, 
байланыстырып тұрады. Медиалды сынатәрізді сүйекті ІІ 
табан сүйекпен жалғастырып тұратын байлам Лисфранк буынының кілті болып 
табылады. Тілерсек-табан сүйектері буындары пішіні бойынша жалпақ, ондағы аз 
қозғалыстар аяқ басының серпімділік қызметін қамтамасыз етуге қатысады. 


116 
Табан сүйектераралық буындар
,
articulationes interтetatarsales,
табан сүйектері 
негіздерінің аралығында орналасқан. Буын қапшықтарын: көлденең орналасқан 
табан 
сүйектік сыртқы және табандық байламдар, ligg. metatarsalia dorsalia et plantaria; 
табан сүйектік сүйекаралық байламдар, ligg. metatarsalia interossea, 
нығайтып тұрады. 
Бұл буындар – жалпақ, аз қозғалысты буындарға жатады. 
Табан сүйек-бақайшақтар буындары
,
articulationes metatarsophalanqeales, 
табан 
сүйектерінің бастары мен проксималды бақайлардың (башпайлардың) негіздері 
аралығында орналасқан. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді. Буын 
қапшығы табандық жағынан – 
табандық байламдармен,
ligg. plantaria, 
бүйір
 
жақтарынан – 
жанама байламдармен,
ligg. collateralia, 
бекітілген. Сонымен қатар, І-V 
табан сүйектерінің бастарының араларында буындардың қапшықтарымен тұтасқан 
табан сүйектік көлденең терең байлам,
lig. metatarseum profundum, 
орналасқан.
Табан сүйек-бақайшақтар буындары эллипстәрізді, оларда фронталды білік 
айналасында – бүгу, жазу (90° шамасында), сагитталды білік бойынша – аз көлемде 
әкелу және әкету, сонымен қатар – шеңбер бойынша қозғалыс (циркумдукция) іске 
асады. 
Бақай (башпай) сүйектерінің қосылыстары: бақайшақтар аралық буындар

articulationes interphalangeales pedis,
проксималды және ортаңғы, ортаңғы және 
дисталды бақайшақтар аралықтарында орналасқан. Пішіні бойынша шығыршықтәрізді, 
фронталды білік айналасында бүгу және жазу қимылдары жүреді. Бұл буындардың 
құрылымы қол басындағы бунақтараралық буындармен ұқсас болғанымен, аяқтың 
тіректік қызметіне байланысты қозғалыс көлемі шектеулі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет