82
Маған жұмыс істер болсаң тұрақтап,
Бұ нәрсенің бәрін де қу жырақтап.
Әр күн сайын жақын тартып барасың,
Сый-құрметім шешер ол іс арасын».
Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
Айтты Айтолды: «Білдім бұ сөз сарасын,
Айтып берші тағы бір сөз арасын.
840. Жауап берші, ізгі кісі қандай-ды?
Ізгілігін оның қайтып таңдайды?»
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Айтты патша: «Ісі ізгінің ерек-ті,
Пайда әкелер ол халыққа керекті.
Бар халыққа еңбек етер құлдай-ды,
Жақсылығын әете міндет қылмайды.
Жұртқа беріп – ойламайды алымын,
Бергенінің сұрамайды қарымын».
Достарыңызбен бөлісу: