Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет7/67
Дата06.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#112919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құрама есептер
40. Сауытта 5 қызыл алма бар еді, ал жасыл алма одан 2-ге артық болды. 
Сауытта барлығы қанша алма болды? 
41.Гүлбағында 7 түймедақ және одан 2-ге артық гүлкекіре өсті. Гүлбағында 
барлығы қанша гүл өсті? 
42. Автотұрақта «Нан» деген жазуы бар 3 жүк көлігі және одан 5-уі көп 
жеңіл көлік тұрды. Автотұрақта барлығы қанша көлік тұрды? 


35 
43. Аслан бірінші күні 5 ақ саңырауқұлақ жинаса, екінші күні шалғынды 
түбіртекті саңырауқұлақтың одан 4-ін көп жинады. Аслан екі күнде 
барлығы қанша саңырауқұлақ тапты? 
44. Сәнияда 10 жабыстырма, ал Сәуледе оған қарағанда 5 жабыстырмаға аз 
болды. Қыздарда қанша жабыстырма болды? 
45. Сары кесіндінің үзындығы 4 см, ал қызылдікі одан 5 см-ге ұзын. Екі 
кесіндінің ұзындығы қандай? 
46. Балабақшада үшдөңгелекті 8 велосипед болды, ал екідөңгелектінің оған 
қарағанда 4-уі кем. Сонда барлыгы қанша велосипед болады? 
47. Бақшаның ұзындығы 6 метр, ал ені одан 2 метрге кем. Бақшаның 
ұзындығы мен енінің қосындысы қандай? 
48. Бірінші үйде 90 терезе, ал екіншісінде одан 10 терезеге кем. Екі үйде 
қанша терезе бар? 
49. Шаянның 10 аяғы бар, ал араның аяғы одан 4-ке аз. Екеуінің аяғын 
қосқанда қанша аяқ бояады? 
50. *Сатушы көрме сөреге 7 данадан 3 қатар апельсин және 4 данаға артық 
алма қойды. Сатушы қанша жеміс қойды? 
51. Бір кітапта 35, ал екіншісінде одан 15-ке артық бет бар. Екі кітапта 
қанша бет бар? 
52. Жаңа жылға балалар 12 кұттықтау қағазын толтырды, ал 8-ңаурызға 18 
құттықтау қағазын артық жазды. Балапар қанша құттықтау қағазын жазды? 


36 
53. Аспашамда 15 үлкен шам бар, ал кішкентайлары оған қарағанда 7-ге аз. 
Аспашамда барлығы қанша шам бар? . 
54. Аспашамда 8 кішкентай шам болса, үлкені одан 7 данаға көп. Аспашамда 
барлығы қанша шам бар? 
55. Бір калада 24 кіпшхана, ал екіншісінде 16 кітапханаға артық. Екі калада 
барлығы канша кітапхана бар? 
56. Бір машинамен 40 т тыңайтқыш әкелді, ал екіншісімен одан 15 т аз 
әкелінді. Екі машинамен қанша тыңайткыш әкелінді? 
57. Бір қорапта 15 кг кәмпит, ал екіншісінде одан 4 кг көп. Екі қорапта 
қанша кәмпит болады? 
58. *Балабақшаның бір тобында 27 бүлдіршін бар, ал екіншісінде одан 3 
бүлдіршінге аз. Екі топта қанша бүлдіршін бар? 
59. *Мерекеге 25 қызыл шар сатып алынды, көк шардың қызылға қарағанда 
5-уі аз, ал көк шардан 10 жасыл шар артық. Мерекеге барлығы қанша шар 
сатып алынды? 
60. *Еңбек сабағына түрлі түсті 10 беттік 4 бума қағазды сатып алды, ал ақ 
түстісі одан 15 бетке көп болды. Қанша ақ түсті және түрлі түсті қағаз сатып 
алынды? 
61. Сүт дүңгіршегіне 100 литр сүт әкелді, сүтке қарағанда айранды 50 
литрге аз, ал қатықты айраннан 20 литрге көп әкелді. Дүңгіршекке қанша 
литр сүт өнімі әкелінді? 
62. Бір қалада 14 ескерткіш, ал екіншісінде бдан 8 ескерткішке аз. Екі қалада 
қанша ескерткіш 


37 
63. !Дөңгелек гүлзарға 24 түп раушан гүлін отырғызды, сопақшасына 
дөнгелекке қарағанда 12 түп аз, ал ромб тәріздес гүлзарга дөңгелек және 
сопақ гүлзарлардың қосындысынан 18 түп аз екті. Ромб тәріздес гүлзарға 
қанша түп раушан гүлін отырғызды? 
64. Оля түрлі түсті қағазды 80 теңгеге, ал Салтанат дәл сондай қағазды 55 
теңгеге сатып алды. Салтанатқа қарағанда Оля 5 бетке көп сатып алды. 
Қыздардың әрбіреуі қанша бет қағаз сатып алды? (5 және 14, 27 және 11, 16 
және 11, 16 және 5 бет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет