«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет29/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
Дәріс хим тех

Фосфорлы тыңайтқыштар 
Өсімдікке тыңайтқыштар түрінде берілетін үш элементтердің ішінде 
фосфордың
орны 
ерекше. Фосфор өсімдіктің дәніне жиналады, басқалары сабағы
жапырағы, тамырына жиналады. Фосфор да азот сияқты 
протоплазманың
маңызды бөлігін түзеді. Тірі организмнің өсіп өнуіне 
қатынасатын түрлі 
органикалық заттардың құрамында болады. 
Тіршілік процестерінде 
үлкен рөл атқаратын - фермент, гармон, витаминдердің құрамына кіреді. 
Орта жастағы орта салмақты адамның организміндегі фосфор 1600г, сүйек құрамында 1400г, 
дене талшығында 130 г, мида 12 г және бауырда 10 г болады. 
Фосфор тыңайтқыштары егін өнімін арттырумен қатар түсімнің сапасын да жақсартады. 
Табиғатта көп мөлшерде кездесетін фосфордың қосылыстары - фосфорит және апатит, екеуінде 
де фосфор қышқылының кальций тұзы Ca
3
(PO
4
)
2
түрінде болады. Бұл тұз суда ерімейді, олай 
болса, бұл күйінде өсімдік сіңірмейді, топырақты құнарландыруға жарамайды. Демек, оны әр 
түрлі технологиялық әдістермен өңдеу қажет. Фосфор тыңайтқыштарын өндіру технологиясының 
негізгі мақсаттары 
1. 
Табиғатта көп кездесетін немесе өндірісте өндірілетін қалдықтағы фосфорлы заттарды 
өсімдіктерге сіңіретіндей түріне айналдыру. 
2. 
Тыңайтқыштың құрамындағы Р
2
О
5
мөлшерін арттыру үшін шикізат құрамындағы өсімдікке 
қажетсіз және зиянды заттардан тазарту; 
3. 
Фосфор қышқылын өсімдікке қажетті NH
4
+
, K
+
, Mg
2+
катиондардың тұздарына айналдыру. 
Өйткені, бұл тұздар топырақтың физиологиялық қасиетін жақсартады. 
4. 
Тыңайтқыштардың гигроскоптығын төмендету, құрғақтығын арттыру, түйіршік немесе 
шашылатын 
ұнтақ түріне айналдыру. 
Фосфор тыңайтқыштарын классификациялау 
1.
Суда еритін: суперфосфат, қос суперфосфат, аммофосфаттар. 
2.
Аммонийдің цитратының ерітіндісінде еритіндер: преципитат СаНРО
4
· 

2
О 
3.
2% 
лимон қышқылында еритіндер: томас шлагы Са
3
(РО
4
)
2
·СаО, екінші және үшінші топтағы 
катиондардың фосфаттары топырақ құрамындағы қышқылда ериді. Қиын еритін 
тыңайтқыштар – тек қана күшті минералды қышқылда ериді. Мысалы: фосфорит және 
сүйек ұндары (сүйек ұны – тазартылған сүйек ұнтағы, құрамында 25% дейін Р
2
О
5
болатын 
кальцийдің фосфаты). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет