Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет22/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Ересектер теңсіздігі.
Жуық арадағы басты өзгеріс – Жер бетін-
дегі адамдар саны көбейіп, жастары ұлғая түседі. Басты рөлде бала 
туу санының өсуі емес, өмір сүру ұзақтығының артуы ойнайды: 
28
Информационно-аналитический центр, МОН РК. Доступ к высшему образованию: основ-
ные возможности. 2015. http://iac.kz/ru/publishing/dostup-k-vysshemu-obrazovan 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
39
2100 жылы орташа есеппен адам 83 жасқа дейін өмір сүреді, бұл – 
бүгінгі күнге қарағанда 12 жылға ұзағырақ деген сөз.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығының ұлғаюымен әлемде егде 
жастағы адамдар саны артады: Халықаралық еңбек ұйымы 2017 
жылы еңбекке қабілетті жастағы 10 адамға 65 жастан асқан 3,5 
адам келетін, ал 2030 жылға қарай бұл арақатынас 10 адамға 5-еу-
ден келетіндей деңгейде болады деп күтеді (ХЕҰ; БҰҰ 25 жастан 
бастап 64 жасқа дейінгілерді еңбекке қабілетті деп санайды). Қы-
зметкерлердің орташа жасы 2050 жылға қарай – бірінші кезекте 
Еуропа мен Шығыс Азия (әсіресе Қытай) елдері есебінен бүгінгі 40 
жастан 41 жасқа дейін өседі. 
Әлемдегі басты мәселелердің бірі – білімге қол жетімділіктің 
теңсіздігі: кем дегенде 750 миллион ересек адам (әлем халқының 
15%-ы) базалық сауаттылық дағдыларын меңгермеген, 264 милли-
он бала мектепке бармайды, олардың 100 миллионы оқи алмайды. 
Бұл туралы ЮНЕСКО-ның 2017 жылғы мәліметтерінде айтылған.
Мемлекеттік білім беру жүйесінде базалық білім мен дағды-
ларды игермеген адамдар ересек өмірге аяқ басқанда өмір бойы 
ештеңені толыққанды үйрене алмайды.
Ал қазіргі сәтте еңбекке қабілетті жастағы адамдар уақыт 
өте келе жас кездеріндегі сияқты аз уақытта пайда болатын және 
жылдам өзгеріп отыратын технологияларды меңгере алмай қа-
луы мүмкін. Бұл сонымен қатар технологиялық дағдыларды иге-
ру тұрғысынан ұрпақтар арасындағы теңсіздікті тудырады. Ересек 
адамдарға еңбек нарығындағы өзгерістерге мен технологиялық 
инновацияларға бейімделу әлдеқайда қиынырақ.
Осылайша дамушы елдердің егде жастағы халқына 4.0 Ин-
дустриясы дәуірінде қажетті дағдыларды қалыптастыруда артта 
қалған дамыған елдердің қартайған буыны қосылады. Бұл демогра-
фиялық сипаттағы жаһандық теңсіздіктің туындауына алып келеді.
Болашақта білім беру және оқыту стратегиясы сәтті, табы-
сты болуы үшін егде жастағы жұмысшылардың мықты және әлсіз 
тұстарын ескеруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет