Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
6
КІРІСПЕ
Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
7
Жоғары білім үнемі өзгеріс үстінде болады. Жаһандану және
қоғамдағы білім беру рөлінің артуына байланысты қазіргі заманғы
жоғары оқу орындары (ЖОО) қоғамдық пікірталас нысанына ай-
налып отыр. Жоғары білім беру мәселесіне қызығушылық таныта-
тын тараптар (мемлекет, студенттер, ата-аналар, жұмыс берушілер
және жалпы қоғам) университеттер туралы әртүрлі сенімдер мен
болжамдарға ие. Олар өз кезегінде университетті «піл сүйегінен
тұрғызылған мұнара» ретінде қабылдайтын дәстүрлі стереотиптен
арылтуға ұмтылады. Жаңа буын университеттері
қоғам өміріне
жергілікті деңгейде де және жаһандық деңгейде де қатысатын бел-
сенді ұйымдастырушылық жүйе болуға ұмтылады (Global University
Network for Innovation, 2017)
1
. Жаһандану мен идеологиялық кон-
вергенция қазіргі заманғы университеттердің миссияларында,
ұйымдық құрылымдарында және
білім беру бағдарламаларын-
да институционалдық өзгерістердің
орын алуына себепші бола-
ды (Carnoy, 2016)
2
. «Желілік қоғам» жаһанданудың әсері ретінде
(Castells, 2011)
3
әлемнің түрлі елдеріндегі жоғары оқу орындары
мен кәсіби қоғамдастықтар арасындағы деңгейлестік пен әріпте-
стік байланыстардың қарқынды дамуына ықпал етеді.
1
Global University Network for Innovation. Higher Education in the World 6. Towards a Socially
Responsible University: Balancing the Global and the Local. http://www.guninetwork.org/report/
higher-education-world-6
2
Carnoy, M. (2016). Educational Policies in the Face of globalization: Whither the Nation State. In
K. Mundy, A. Green, B. Lingard & A. Verger. (Eds.),
Handbook of Global Education Policy. John Wiley
& Sons. The Handbook of Global Education Policy, 27-42
3
Castells, M. (2011). Network Theory| A Network Theory of Power.
International Journal of
Communication, 5, 15
Достарыңызбен бөлісу: