Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет59/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Бағадау тәсілі
Үлес салмағы Бағалау тәсіліне сәйкес келетін 
курс бойынша оқыту нәтижесі
Емтихан
25%
1
Жоба
35%
2
Жүргізілген далалық зерттеулер 
бойынша берілген есеп
40%
3
7-кесте. 
НУ-нің бағалау матрицасы
Тапсырманы орындау бойынша нұсқауларды қамтамасыз ету
Бағдарлама мен курста бағалау стратегиясы бағалаудың өмір-
лік циклінің бастапқы кезеңінде анықталады. Бірақ студенттер тобы 
белгілі бір курстан әрбір өткен сайын тапсырмаларды орындаудың 
мәліметтері мен нұсқаулары берілуі керек. Бұл кезеңде студенттер 
егжей-тегжейлі ақпарат алуы қажет, әдетте қысқаша нұсқаулық 
немесе бағаланатын тақырыптар, мерзімі, оқу нәтижелері, айдар-
лар және кері байланыс тетіктерінің сипаттамасы түрінде болады. 
«Тапсырманы орындау жөніндегі нұсқаулықтарды қамтамасыз ету» 
сатысының мақсаты студенттер мен оқытушылар үшін айқындыққа 
қол жеткізу болып табылады: ол қандай талап қойылатынын, қандай 
түрде, қашан және қалай бағаланатынын көрсетеді. Студенттердің 
бағалау тәсілін әзірлеуге қатысуы (мысалы жазбаша жұмыстарға 
негізделген бағалау және бірнеше таңдау берілген сұрақтарға не-
гізделген бағалау) оларға бағалау тапсырмаларының мазмұны мен 
талаптарын әлдеқайда саналы түрде түсініп, талдауға көмектеседі.
Студенттерді қолдау
Бұл кезең әр білім алушыға әрбір тапсырма бойынша ең жақ-
сы жасаған жұмысын көрсетуге көмектесуге арналған. Алайда бұл 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
113
кезеңнің нақты мақсаты студенттердің бағалау сауаттылығын арт-
тыру болып табылады, бұл олардың академиялық шешім қабылдау 
үрдісіне не кіретінін түсінуі үшін қажет. Кезеңнің мақсаты – өз-
дерінің сабақ оқу барысын бақылауға және бағалауға қабілетті тәу-
елсіз студенттерге айналуы. Бағалауды ұйымдастыруға дайындық 
осы мақсатқа жетуге ынтасын арттыру үшін студенттердің скаф-
фолдингін қамтуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет