Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Бағалау нәтижесін жариялау және кері байланысты



Pdf көрінісі
бет61/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Бағалау нәтижесін жариялау және кері байланысты 
қамтамасыз ету
Бұл кезең студенттерді орындаған тапсырмасына қойылған 
бағалау нәтижелері туралы хабардар етеді. Баға қою мен кері бай-
ланыс бірге немесе жеке-жеке жүзеге асырылуы мүмкін. Акаде-


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
115
миялық мәселелерді қарау жөніндегі комиссия тарапынан растал-
майынша баға алдын ала қойылған баға ғана болуы мүмкін. Баға 
мен кері байланыс тапсырманың сипатына және оны бағалау үшін 
қалай ұсынылғанына байланысты әртүрлі тәсілде болуы ықтимал. 
Тәсілдер қолмен жазылған түсініктемелерден бастап, аудио және 
бейнетүсірілімдермен қоса, бірқатар ауыспалы тәсілдегі, мысалы, 
ауызша кері байланыс тәсіліне дейін өзгеріп отыруы мүмкін. 
Рефлекстеу
Рефлекстеу – бір қайталану шеңберіндегі бағалау мен кері бай-
ланыстың өмірлік циклінің соңғы кезеңі. Студенттің қазіргі оқу үл-
герімі оқу нәтижелеріне қаншалықты сәйкес келетіні туралы рефлек-
сияның қайталау үрдісі оқу үдерісінің шынайы әсерін қамтамасыз 
етеді. Студенттің бір тапсырманың нәтижесі туралы рефлексиясы 
оның келесісіне қалай келетіндігіне әсер етуі керек. Ал оқытушы-
лардың студенттер тобының нәтижелерін түйсінуі оқу курсының 
үнемі жетілдіріліп отыратындығын білдіруі керек.
4.2 Бағалау түрлері
Нормалар мен критерийлерге негізделген бағалау
Студенттердің қол жеткізген оқу нәтижелерін сипаттау үшін 
бағалау айдарлары мен дескрипторларын (сипаттаушы түйінді 
сөз) пайдалану тәжірибесі «шектік бағалау» деп аталады. Мұндай 
жағдайда студенттің жұмысы нәтижеге қол жеткізгенін анықтай-
тын критерийлер бойынша бағаланады, ал жетістік дәрежесі баға-
лау дескрипторларымен сипатталады. Соңғылары студенттерге 
айдарлар ретінде ұсынылуы және кейіннен бағалау үдерісінде қол-
данылуы мүмкін. Нәтижеге сүйеніп бағалау тәсілінде бағалаудың 
бұл түрі әдетте «қалыпты» болып саналады.
Нормативтік бағалау кезінде курстан немесе бағалаудан өт-
кен білім алушылар бір-бірімен салыстырылады, яғни олар са-
раланады. Студенттердің бағалары, тек олардың үлгерім деңгейі 
рейтингтің сол санатындағы басқа студенттердің деңгейімен тең-


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
116
бе-тең болатындығын қоспағанда, олардың білетін немесе қолда-
рынан келетіні тұрғысынан түсіндірілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет