Курс бойынша күтілетін оқу нәтижелерін әзірлеу және академиялық адалдық Академиялық тәртіп бұзушылықтарды барынша азайтуға
ұмтылған іс-әрекеттерінде тәжірибе жасаушылар курстың бір
бөлігі ретінде ақпараттық сауаттылық пен ғылыми байланыс ұста-
нымдары бойынша оқытудың нақты нәтижелерін әзірлей алады
(Clement and Brenenson, 2013)
104
. Курсты оқытудың мұқият ойла-
стырылған нәтижелері де көшіріп алу немесе плагиат жасау амал-
дарын шектеуі мүмкін. Кэрролл мен Апплетон (2001)
105
академи-
ялық адалдықты бұзу мүмкіндіктерін азайту құралы ретінде білім
алушылардан зерттелген мәселелерді біріктіруді, рефлекстеуді
және өздерінің жеке мәнмәтіндері мен тәжірибесінде қолдануды
талап ететін оқыту тәсілдерін әзірлеуді ұсынады.
5.3 Жоғары білім берудегі оқыту және білім беру тәсілдемелері Университетте дәстүрлі оқыту формасы, көбінесе, студент-
тердің үлкен тобына арналған дәрістер оқуды қамтиды, сонымен
бірге студенттердің өздік жұмысына кейбір толықтырулар жасай
отырып, кеңестер мен тәжірибелік сабақтар беріледі. Алайда білім
беру үрдісін ұйымдастырудың көптеген басқа да тәсілдері бар.
104
Clement, Gail and Brenenson, S. «Theft of the Mind: An Innovative Approach to Plagiarism and Copyright
Education.» In Common Ground at the Nexus of Information Literacy and Scholarly Communication,
edited by Stephanie Davis-Kahl and Merinda Kaye Hensley, 45-74. Chicago, IL: Association of College &
Research Libraries, 2013.
https://digitalcommons.fiu.edu/cgi/viewcontent.cgi?referer=https://www.google.com/&httpsredir=1&a
rticle=1017&context=glworks Online, retrieved on 20 April 2020
105
Carroll, J. and Appleton, J. (2001). Plagiarism A Good Practice Guide. Oxford: Oxford Brookes University
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес Студенттерді жоғары деңгейде ойлауға, белгілі бір мәнмәтінде мәселе-