«Төңкерілген оқыту» технологиясы Төңкерілген оқыту – дәстүрлі оқыту тәсілдерінің тәртібі кері
бағытта ұйымдастырылған тәсіл (15-сурет). Оқушылар сабақ
басталар алдында оқу материалын зерттейді. Аудиториялық са-
бақтардың уақыты курстастарымен талқылау жасау және сабақ
барысында оқытушы ұйымдастырған тапсырмаларды орындау
арқылы материалды жан-жақты түсінуді тереңдету үшін пайдала-
нылады. Дәстүр бойынша студенттер сыныпта білім алады, содан
соң оларды жалпылап қорытып, кейіннен бағалайды. «Төңкерілген
сыныптан» кейін студенттер алдағы уақытта оқуын одан әрі жақ-
сарту үшін жүргізілген талқылаулар мен алған кері байланысының
нәтижелері туралы ойлана алады.
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес Білім алушылардың оқу үдерісіне араласуын арттыру мақсатында бел- сенді оқытуға тиесілі бірқатар тәсілдерді анықтаңыз және оларды оқы- ту нәтижелеріне сәйкес келтіріңіз.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
150
15-сурет. Оқытудың дәстүрлі сыныптық үлгісін төңкерілген үлгісімен салыстыру Оқытудың бұл үлгісін жаңа үлгі деп санауға болмайды. 1990 жыл-
дары Гарвард университетінде ғалымдар Крауч пен Мазур (2001)
107
«өзара оқыту» моделін жасады. Онда олар дайындалу және мәнін
түсіну мақсатында сабақ басталмай тұрып студенттерге оқу материа-
лын берді. Содан кейін олар студенттерді өзара әрекеттесуі мен оқы-
тушының ойлануға берген сұрақтары арқылы әлдеқайда тереңнен
ойлауға ынталандыру үшін аудиториялық сабақты қолданды.
Аудиториялық сабақтың алдында студенттерге осы материал
туралы негізгі білу мен түсіну деңгейін қалыптастыруға көмекте-
сетін оқу материалын беруі керек. Содан кейін сыныптағы сабақ
кезінде оқуды тереңдетіп, жоғары деңгейдегі танымдық дағды-
ларды дамыту үшін қолдануға болады. «Төңкерілген оқыту» тех-
107
Crouch, C. & Mazur, E.. (2001). Peer Instruction: Ten Years of Experience and Results. American Journal
of Physics - AMER J PHYS. 69. 10.1119/1.1374249
Құру
Талдау
Түсіну
Бағалау
Қолдану
Есте сақтау
Жаңа материалмен оқу
және басқа да іс-әрекет
түрлері (мысалы
бейнетүсірілім көру,
подкаст) арқылы сы-
ныптан тыс танысады
Танымдық дағдылар
пікірталас, даулы
мәселелерді талқылау,
кері байланыс және
рефлексияның нәтиже-
сінде қалыптасады
Танымдық дағдылар
оқу тапсырмала-
рын орындау және
рефлексия арқылы
сыныптан тыс қа-
лыптасады
Дәстүрлі
сынып
Төңкерілген
сынып
Жаңа оқу
материалымен
аудиторияда
профессор
таныстырады
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
151