75
бұрышына дейін барады. Осы жерде сыртқы мойындырық
венасы бұғана үсті аймақтың
терең бөлігіне өтеді де, алдыңғы мойындырық венасымен (
v.jugularis ant.
) қосылып,
бұғанаасты венаға (
v.supclavia
) немесе ішкі мойындырық венасына (
v.jugularis int.)
құйылады. Алдыңғы мойындырық веналары жақасты аймақ пен мойынның алдыңғы
беткей бөліктерінен қан жинайды. Бұл веналар төс
-
бұғана
-
емізіктік бұлшықеттің
алдыңғы шеттерінде орналасады да, бұғанаүсті шелмайлық кеңістікке жақындап,
анастомоз арқылы мойынның веналық доғасын құрайды (
arcus venosus juguli
). Бұдан соң,
веналар төс
-
бұғана
-
емізіктік бұлшықеттің артқы жағында сыртқы мойындырық венасына
барып қосылады. Сирек жағдайда мойынның ортаңғы сызығы бойымен біреу немесе
екеу болып мойынның ортаңғы веналары (
v.mediana colli
) кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: