Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


- сурет. Мойын лимфа жүйесінің топографиясы



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

25-
сурет. Мойын лимфа жүйесінің топографиясы
 
 
Мойынға жасалатын негізгі операциялар
 
Теріге жасалған тіліктерден кейінгі тыртықтар аса көзге түспейтін және мойынның 
терісінің түрін бұзбайтындай болуы қажет. Осы талаптарға сәйкес келетін, мойынның 
терісінің және теріасты дәнекер тінінің табиғи көлденең қатпарлары бойымен 
жүргізілетін «қалыпты» жағатәріздес тіліктерді Швейцариялық хирург, Нобель 
сыйлығының иегері Т.Кохер ұсынған болатын.
Мойын қантамырларына немесе кеңірдекке операция кезінде ұзынша бағытта 
тіліктер жасалады, бұлар жазылғаннан кейін белгілі тыртықтар қалады. Мойынның 
тамырларымен бітісіп кеткен ісіктерді алып тастау операцияларында, терімен бірге 
бұлшықеттерді кесуге тура келетін күрделі тіліктер (Дьякоков әдісімен) жасалады. 
Мұндай тіліктерден кейін ірі тыртықтар көрініп тұрады.
Мойынның клиникалық анатомиясы бөлімінде, фасциялар мен шелмайлық 
кеңістіктер мен танысу кезінде, мойында жиі кездесетін іріңдік флегмоналарды айтқан 
болатынбыз. Бұлар көбінесе, жақасты аймақта, қантамырлар өтетін саңылауларда, пре

және ретровасцералды кеңістіктерде, сонымен қатар орналасуы жағынан беткей және 
тереңдік аймақтарда болатындығы көрсетілген еді. Беткей флегмоналар –
мойын 


96 
жарақаттанулары кезінде немесе терінің аса терең емес зақымдануларында пайда 
болады, ал тереңгілері –
мойын лимфа түйіндері мен шелмай қабаттарының іріңдік іріп –
шіруінен дамиды. Нәтижесінде жиналған ірің шелмайлық байланыстар арқылы, 
қантамырлар шоғыры бойымен басқа аймақтарға таралып кетуі, онымен қоймай, 
тамырлардың тромбозын,ал қантамырлар қабырғасының еруіне, қан кету және басқа 
асқынуларға алып келуі әбден мүмкін.
Сондықтан, антибиотиктер көмегімен консервативті емдеуден басқа, іріңдік 
абсцестер дәл уақытында, айтарлықтай кең және барлық қабаттарды қамтитын тіліктер 
арқылы ашылып, іріңдік жиынтықтардан және олардың ағымдық жолдарындағы 
іріңдерден тазартылуы қажет.
Мойын ағзаларына операциялық бару жолдары 26
-
суретте берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет