Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Орамжапырақ өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дəрілік қасиеттері



Pdf көрінісі
бет40/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Орамжапырақ өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дəрілік қасиеттері. 
Орамжапырақтың құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, 
минералдық тұздар, А, С жəне В тобына жататын витаминдер мол. Каротин, 
лизоцим, тиогликозид, гликозид, глюкотрассилин заттары, фолий, пантотен 
қышқылдары, калий, кальций, фосфор тұздары бар. 
Ақ қауданды орамжапырақты жыл бойы жаңа піскен жəне қайта өңделген 
күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, 
қияр, қызанақ, сəбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз жəне сарымсақ қосып 
тұздайды. 
Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды 
емдеуге қолданылады. Орамжапырақ сөлінің асқазан жарасы мен бауырды емдеуге 
əсері күшті. Орамжапырақтың сөлін сығып алып, тамақтанар алдында жылы күйінде 
күніне 2-3 рет жарты стақаннан ішу керек. 
Вегетациялық кезеңінің
ұзақтығы бойынша орамжапырақ сорттары: өте ерте 
пісетін (65-100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100-115 күнде, «Грибовский 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
38
147»), ертелеу пісетін (115-130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін 
(130-145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145-160 күнде, 
«Сыйлық») жəне кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып 
бөлінеді. 
Қауданды орамжапырақ Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. 
Оның диаметрі 10-45 см, салмағы 16 кг-ға дейін жетеді. Орамжапырақ – құнарлы 
мал азығы. Оның түсімі мол, əр га-нан 200-900 ц. өнім түседі. 
Орамжапырақ зиянкестері: 
орамжапырақ шыбыны, орамжапырақ қоңыр 
көбелегі, орамжапырақ ақ көбелегі, орамжапырақ бітесі, т.б. жиі кездеседі; 
аурулары: фомоз, түкті жəне шырышты бактериоз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет