Тақырыбы :”Ұлы даладағы ежелгі металлургия” жоба


Кәсіпорындардың ел қазынасын еселеуі



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#113087
1   2   3   4   5
Кәсіпорындардың ел қазынасын еселеуі


Алтайдағы металлург. қайта өңдеу кәсіпорындарының екеуі өскемен қорғасын-
мырыш комб-нда. Металлургия з-ттарын кентаспен және концентраттармен
қамтамасыз ететін 8 кен байыту комб. – Ащысай полиметал комб. (Кентау), Шалқия
кеніші (Қызылорда облысы), Шығыс Қазақстан мыс-хим., Зырянов қорғасын, Ертіс
полиметалл комб-тары (Шығыс Қазақстан облысы) Жәйрем және Қарағайлы кен
байыту комб-тары (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш комб. (Алматы
облысы) жұмыс істейді. Мыс өндіретін, қорытатын кәсіпорындар Орт. және Шығыс
Қазақстанда шоғырландырылған. Олар Жезқазған, Саяқ, Қоңырат кеніштерінің
кентастары мен Алтайдың мыс концентраттарын пайдаланады. Олар – Балқаш және
Жезқазған кен металлургия комб-тары, Ертіс мыс қорыту з-ты. Павлодар алюминий з-
ты Қостанай мен Ақмола облыстарында өндірілетін боксит кентастары негізінде
жұмыс істейді. “Қазақмыс”, “Қазақмырыш” сияқты корпорациялар нарық талабына сай
көп салалы, түпкі өнім шығаратын кен металлургия кәсіпорындарын біріктіреді.
Қазақстанда дұрыс экон. саясат жүргізілуі нәтижесінде республикада Тусті
Металлургия Өнеркәсібі-нің қуатты әлеуеті қалыптасты: түсті металдарды өндіру
көлемінің соңғы он жыл бойына серпінді қарқынмен өсуі байқалды


ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, металлургия өнеркәсібі республика экономикасының дамуында маңызды рөл
атқарады. Тау-кен өнеркәсібі мен металлургия өнеркәсібі мұнай-газ өнеркәсібімен бірге
Қазақстанның экономикасының негізгі салалары болып табылады.
Республиканың тау-кен өнеркәсібінің құрамына 70-тен астам кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Бұл
кәсіпорындар негізінде «Қазақстан түсті металдары» акционерлік компаниясы кіреді. Бұл компания
«Алтыналмас» түсті металлургия кәсіпорынн басқарады. Такен металлургиясының жүйесінде бірнеше
холдингті компаниялар жұмыс істейді. Олар «Қазақмыс», «Алтай ТМ», «Өскемен титан-мангинй
комбинаты», «Ақсұңқар», «Казсталь-холдинг», «Қайсар», «Казметаллургремонт», «Ертіс», «Казхром.»
Қазақстанның «2005 жылдың металлургиясы» деп аталатын жаңа программасынада минералды
шикізат қорын өндіру көлемін ұлғайту негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі кезде республикада
пайдалы қазбалардың ақ бөлігі ғана игерілуде. Соңғы жылдары еліміздің экономикасында едәуір оңды
өзгерістер болғанын байқауымызға болады. КСРО тарап, бұрынғы оның құрамында болған 15 одақтас
республикалар ыдырап кеткен соң, бұрынғы шаруашылық қатынас үзіліп, экономикамыз төмен қарай
құлдырап кеткен еді. 1991-1995ж.ж. аралығында республика экономикасын көтеру үшін көптеген
бағытта жұмыстар жүргізілді. Мемлекет арнайы нарықтық экономикаға өтудің басты бағыттарын
айқындап, сол бағытта ел экономикасын көтеруде іс-шаралар жүзеге асырылды. 1995 жылдан бастап
республика экономикасының бір шама жоғарлағандығы байқалды.


1.Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ.
Қазақстан археологиясы: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу
құралы. –Алматы:..........., 2009. 
2.Қазақстан(Қазақ елі)тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және
қалыптасуы.-Алматы:Казак университет,2022.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан .А.,1995.
4.”Қазақстан”.Ұлттық энциклопедия./Бас ред. Б.Аяған. -Алматы;Қазақстан
энциклопедиясының бас редакциясы,2003-720бет.
5.Рыскиева Г.Ә., -Алматы: Өнеркәсіп экологиясы,2011.-262б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет