Көшпелілер
немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз —
негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал
өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып
тіршілік
ететін
адамдардың
әлеуметтік-экономикалық,саяс
қауымдастығы және өркениеті.
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік
жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты.
Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана
таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар,
экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне, табиғи ресурстарға
байланысты. Көшпелілік
белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық
аймақтарда қалыптасады.
Көшпелі өркениет дегеніміз не?
Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары
Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік
заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды.
Ал «Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?» деген мәселеде әр түрлі пікір бар.
Кейбір ғалымдар: «Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен
сайын
жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы
отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады.
Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты», — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола
дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен —
Еуразия даласындағы қатты
құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар
басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің
басында
бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек
ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды
пайдалануы көшпелі
мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың
тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі
ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.
Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі
жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ
тікелейәсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп
егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ
мыңжылдықтың
соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан
аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары,
қуаңшылық жиі орын алып отырады.Су көзі мен жайылымдық жерлердің
тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының
тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты.
Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру
ортасына
икемделіп, әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбүр етті.
Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Жайылымдық алқаптарды
егіншілік мақсатында пайдалану өнімділікті арттырмады. Ұлы даладаегіншілікке аса
тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды.