53
Ағзаның ӛсуіне глюкокортикоидтар қарама-қарсы бағытта
әсер етеді. Мысалы, балалар мен жасӛспірімдерді глюкокорти-
коидтармен емдегенде бойдың ӛсуінің тежелетіні байқалады.
Ағзаға стрестік факторлар әсер еткенде бойдың ӛсуінің
тежелетіндігін осымен түсіндіруге болады. Мысалы, стресс
кезінде
кортиколиберин-кортиктропин-глюкокортикоидтардың
барлық жүйесі белсенденеді.
Осы
жағдайды ескере отырып, балалардың ағзасына ұзақ
уақыт стрестік факторлардың әсер етуін болдырмау керек. Оған
үлкен мӛлшердегі дене жүктемесі мен жарыстарды жатқызуға
болады.
Жүйке жүйесі мен жүріс-тұрыстың дамуына гормондардың
әсері.
ОЖЖ-нің дамуына әсер ететін гормондық факторлардың
ішінде
қалқанша
бездің маңызы
зор.
Тироксин
мен
трийодтирониннің
жетіспеушілігі
нерв
жасушаларының
тармақталуын тежейді. Егер аталған гормондардың жетіспеушілігі
18 айдан кейін пайда болса, онда бойдың ӛсуі бұзылады. Ал
ақылдың кемістігі онша байқала қоймайды.
Бүйрек бездерінің гормондары нерв үдерістерінің күшін
ӛзгерте отырып, нерв жүйесіне едәуір әсер етеді. Бүйрек безінің
қабатын алып тастау, барлық ЖЖЖ-нің
қызметінің бұзылуына
әкеліп соғады.
Жыныстық гормондар қозу мен тежелу үдерістерінің ара-
қатынасына әсер етеді. Жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетіне
еркектің жыныстық гормондары кӛп әсер етеді. Сондай-ақ
батылдық, қияңқылық еркектің жыныстық гормондарының
мӛлшерімен анықталады. Балалық шақтағы жыныс бездерін алып
тастау немесе олардың патологиялық
әлсіздігі психиканың
бұзылуын тудырып, кӛбінесе ақыл-ойдың жетіспеушілігіне әкеліп
соғады.
Жыныстық тәрбие - балалардың жыныстық сана-сезімі мен
тәртібін қалыптастыруға жүйелі, саналы жоспарланып жүзеге
асырылатын ықпал, оларды отбасылық ӛмірге дайындау.
Негізгі әдебиеттер. [1-2-5]
Қосымша әдебиеттер. [4-8-10]