lig.
pulmonalis
құрап, париеталді окпеқапқа,
pleura
parietalis,
жалғасады.
- Париеталді өкпеқап,
pleura parietalis,
ол
өкпенің сірлі қабығының сырткы табақша-
сы болып саналады. Париеталді өкпеқаптың
сыртқы беті, кеуде қуысы қабырғаларының
ішкі бетін жауып орналасқан, тұйык ішкі кеу-
делік шандырмен,
fascia endothoracica,
тығыз
байланысып, өкпекап қуысына қараған беті
сірлі сұйықтықты бөлетін мезотелий жасуша-
ларымен көмкерілген (№142-146 суреттерді
караңыз).
Өкпеқап қуысы.
Өкпеқаптың париеталді және висцералді
бөліктерінің аралығындағы саңылау өкпеқап
куысы
cavum pleuralis,
деп аталады. Өкпеқап
куысының аралығында қалыпты жағдайда,
қимылсыз кезде 1-2 мл шамасындай сірлі
сұйықтық байқалады. Ты ны с алу кезінде
сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы
үйкелісті жеңілдету қызметін атқарады. Со-
нымен қатар, кеуде қуысының қабырғаларын
кеңейтуші, инспираторлық күш пен өкпенің
талшықты тінінің әсерінен өкпеқап қабық-
тарының бір-біріне беттесуін қамтамасыз
етіп, өкпеқап қуысында теріс қы сы мны ң
пайда болуына байланысты өкпенің тыныс
алу кезінде еркін жазылып, еркін қозғалуына
ықпал етеді.
Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі кеуде қуысы-
нан жоғары, мойын аймағына өтіп, өкпенің
ұшымен беттесіп, өкпеқап күмбезін,
cupula
pleurae,
құрайды. Өкпеқап күмбезі, алдынан
карағанда 1-қабырғадан 3-4 см жоғары ор-
наласып, арка жағынан VII-мойын омырт-
қаның қылқанды өсіндісіне сәйкес келеді.
Өкпеқап күмбезінің алдыңғы беті, бүғана-
асты артерия және венамен бетгесіп, артқы
)еті иық өрімімен,
Достарыңызбен бөлісу: |