ұшын кіндекпен орталық кіндік байламы жа- лғайды. Несепқуықтың төменгі бөлігі кіші жамбас астау қабырғасына жамбас шандыры- ның талшықтарынан түзілген байлама арқы- лы байланысады. Несепқуыктың фиксациялық аппараты: -Ерлерде қасаға-қуықасты байламы, lig. puboprostaticum; -Әйелдерде-қасаға-қуық байламы, lig. pubovesicale; -Қасаға-қуык бұлшықеті, т. pubovesicalis; -Ерлерде тік ішек-қуык бүлшықеті т. rectovesicalis; түзіледі. - Несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі және несепағардың соңғы бөлігі; -Ерлерде қуықасты безі, әйелдерде несеп- жыныс көкеті (диафрагмасы). Несепкуык қабырғасының құрылысы. Қуықтың қабырғалары: шырышты, шы- рышасты негізі, бұлшыкеттік, дәнекер тінді немесе сірлі қабықтардан тұрады (№161, 162 суреттерді караңыз). -Шырышты қабығынын ішкі беті қызыл сұрғылт түсті, шырышасты негізінін жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады. Қатпарлар куыктүбінде
(несепқуықүшбұры- шында, trigonum vesicate) жок, ол жерде шы рышты қабық бұлшықеттік қабыкпен тығыз бірігіп кеткен. Несепкуық түбінің алдыңғы бөлігінің (несепқуық үшбұрышының ұшын- да) шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепкуықүшбүрышының артқы шекарасының жиегінде екі несепағар тесіктері, ostium ureterus (dextrum et sinistrum), орналаскан. Несепқуық үшбүрышының не- гізінде (артқы шекарасы) шырышты қабық-