Тік ішектің топографиясы. Тік ішек,
rectum, кіші жамбас қуысының
ішінде, сегізкөз мүйісі мен,
promontorium, құ-
йымшақтың аралығында орналасқан. Артқы
беті сегізкөздің алдыңғы бетімен; алдыңғы
беті ер адамдарда н есеп қ у ы қ п ен ,
vesica urinaria, қуықасты безбен,
glandula prostata, шәует қуықшасымен,
vesicula seminalis\ әйел
адамдарда жатырмен,
uterus, жэне қынаппен
vagina шектеседі.
Тік ішектің қанмен қамтамасыз етілуі. Тік ішек қабырғасын жоғарғы тік ішек ар
териясы,
a. rectalis superior, (төменгі шажыр-
қайлық артерияның тармағы), жұп ортаңғы
ж әне төменгі тік іш ек артери ялары ,
аа. rectales media et inferior, (ішкі мықын артерия-
ларының тармактары) қанмен қамтамасыз
етеді.
Тік ішектен веналық қан жоғарғы тік ішек
венасы арқылы төменгі шажырқай венасы-
на, ол қақпа венасының құйылымы, ортаңғы
және төменгі тік ішек веналары арқылы ішкі
мықын веналарына, олар төменгі куыс вена-
сынын құйылымдары.
Тік ішектің лимфа тамырлары ішкі мы
кын, қолка астындағы және жоғарғы тік ішек
лимфа түйіндеріне бағытталады.
Тік ішектің парасимпатикалық нервтенуі
ішкі мүшелік бел нервтерімен және симпа-
тикалық нервтенуі төменгі ш ажырқайлық
өрім тармақтарымен жүреді. Сонымен қатар
жоғарғы және төменгі кұрсақ асты өрімдері-
нен іш ек қалы ңды ғы нда ортаңғы ж әне
төменгі тік ішек өрімдері қалыптасады.
Тік ішектің рентген анатомиясы. Рентген контрастык зерттеу тәсілдері ар-
кылы тік ішектің топографиялық орналасу
орны, сыртқы пішіні, иілімдері жэне шырыш
ты кабығының бездері айқын байқалады.