Студенттердің оқу мотиві олардың оқу әрекетінің әр түрлі жақтарына деген бағыттылығы
деп анықтаймыз. Мысалы, егер студенттердің белсенділігі оқылатын объектіге
бағытталса, онда бұл жағдайда танымдық мотив түрлері туралы сөз қозғалады. Ал
студенттің белсенділігі оқу барысында басқа адаммен қарым
-
қатынас жасауға бағытталса,
онда мәселе
әлеуметтік мотивтерді қамтиды.
Осыған сәйкес студенттердің оқу үрдісіне қатысты орын алатын мотивтерді үлкен екі
топқа бөлуге болады: 1) танымдық мотивтер; 2) әлеуметтік мотивтер.
Танымдық мотивтер өз ішінен бірнеше шағын топтарға бөлінеді: 1) кең ауқымды
танымдық мотивтер; 2) оқу
-
танымдық мотивтер; 3) өзін
-
өзі дамыту мотивтері.
Ал әлеуметтік мотивтердің түрлері мынадай болады: 1) кең ауқымды әлеуметтік
мотивтер; 2) тар ауқымды әлеуметтік мотивтер немесе позиционды мотивтер; 3)
әлеуметтік тұрғыдан бірлесіп еңбек ету мотиві.
Аталған мотив түрлерінің қалыптасуы келесі кезеңдерді қамтиды: дағдылы мотивтердің
актуализациялануы, осы мотивтер негізінде жаңа мақсаттардың пайда болуы, мақсатқа
жету барысында мотивтің бекуі және соның негізінде жаңа мотивтердің шығуы, әр түрлі
мотивтер иерархияның құрылуы, бірқатар мотивтерде жаңа қаситтердің пайда болуы
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: