— Қабылдаудың константылығы.
Қабылдаудың константылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан,
заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдауын айтады.
Мысалы, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып
қабылдана береді.
— Қабылдаудағы иллюзия.
Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе
бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс
қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы
объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзияның түрлері өте
көп. Соның ішінде көру қабылдауында жиі кездеседі. Көру иллюзияларына
контраст, перспектива, заттың жоғары жағын артық бағалау т. б. иллюзиясы
жатады. Мысалы, перспектива иллюзиясы: айталық үш бағананың биіктігі
бірдей, ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегесі бәрінен үлкен сияқты
болып көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі
кішірейе беретіндіктен , нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса –
үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса – кішірейіп көрінеді. Иллюзияларды
адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың
жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет.
— Апперцепция.
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен тәжірибесінің
мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты
және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы
мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады.
Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы салдарынан жаңсақ
пікірлер туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: