43
Радикалдар арасындағы өзара əрекеттер байланыстардың бірнеше түрлері
арқылы жүзеге асырылады. Олар бір-біріне жай ғана тартылуы арқылы (гидрофобты
əрекеттер), не болмаса сутектік байланыс түзуі нəтижесінде бір атомда пайда
болатын бөлімдік теріс зарядының екінші атомда көрініс беретін оң зарядқа
тартылуы барысында жүзеге асырылуы мүмкін. Көп таралатын байланыстар түріне
дисульфидті байланыс жатады.
Дисульфидті байланыс
деп – күкірттің екі атомы арасында пайда болатын
ковалентті байланыс айтылады. Цистеин амин қышқылы құрамына кіретіндіктен,
көптеген ақуыздар сульфидтік топтарына ие болады.
Коваленттік байланыс
– электрондардың жалпыландырылуы, ортақ
электрондық жұптарының түзілуі екендігін еске түсіре кетейік.
Дисульфидтік байланыс эукариот жасушаларының цитоплазмаларында пайда
болады. Прокариот жасушаларында болса, мұндай байланыс түрінің пайда болуына
алып келетін жағдайлар қалыптаса алмайды. Егерде, сіздер, құрылымы үшін
дисульфидтік байланысы өте қажет болатын ақуызды бактерия жасушасында
синтездегіңіз келсе, онда мұндай ақуыздың соңғы конформациясының қалыптаса
қоймайтынын есепке алуыңыз керек болады. Сонымен, сіздер жасуша метаболизмін
оған жат болып келетін ақуыз синтезіне бағыттағыңыз келетін болса, төмендегі
келтірілген аспектілерді білуіңіз керек болады:
– көптеген онжылдықтар бойынша генетиктерде қалыптасқан «бір ген – бір ақуыз»
сөз тіркесінің, қазіргі кезде ағат пікір екендігін есіңізде ұстаңыз. Белгілі бір гендер
бірнеше ақуызын коделей (кодтай) алады;
– ақуыздың атқаратын қызметтері, олардың молекуласы қабылдайтын пішінге
(конформация) байланысты болады;
– ақуыздың соңғы пішіні, күкірттің екі атомдары арасында болатын дисульфидті
байланыстың қалыптасауына байланысты тұрақтанады. Мұндай байланыс түрі
бактериялды жасушаларында қалыптаса алмайды;
– ақуыздың пішіні тек қана оның химиялық құрамы ғана емес, сонымен бірге
жасушада кездесетін басқа да молекулаларының əсеріне байланысты
қалыптасады. Мұндай молекулалар ақуыздың дұрыс конформация түзуіне
жəрдемдеседі;
– ақуыздың пішіні өзгеріп тұруы мүмкін. Басқаша айтқанда, ақуыз жасушаның
қажеттілігіне орай «ұйып» немесе қайтадан «жазылып» тұру қасиетіне ие;
– қоршаған ортада қалыптасқан жағдайға байланысты, жасушаның құрамындағы
ақуыздардың типі мен саны əрдайым өзгеріп тұрады.
Қазіргі кезде биоинженерлер, жасуша ішіндік ортасы өзгертілген мутантты
бактерияларын пайдалану немесе жартылай пайда болған ақуызды алып, оның
құрылымының ақырғы қалыптасуын жасушадан тыс жағдайда жүргізу
мүмкіндіктеріне ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: