55
Сіздерге, ағза қалайша сан түрлі антигендерге спецификалық рецепторларын
қалыптастырады деген ой келуі мүмкін. Шындығында бұл кездейсоқ үдеріс.
Жаттекті ақуызы (антиген), біздер дүниеге келгенде ағзамызда кездесетін жəне
бүкіл иммундық жүйемізге таралған жүздеген немесе мыңдаған рецепторлардың
біреуіне дəл келеді. Əрине, мұндай рецепторлардың кездейсоқ ұшырасуы –
эволюциялық басымдылық болуы мүмкін. Мысалы, қандай да бір организмдер
популяциясына ұдайы шешек ауруы қауіп төндіріп тұрды делік. Көптеген
ұрпақтардан кейін, бұл популяция өкілдерінде шешек антигеніне қарсы
рецепторлары бар лимфоциттердің «сақтық қоры», яғни иммунитет қалыптасуы
мүмкін.
Жетілуі барысында ß-лимфоциттерінің ішінде керемет үдерістер өтеді.
Олардың генетикалық материалдары өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер,
антиденелерінің антигендерді танып байланысатын үлескілерін коделеуге
бағытталған ДНҚ реттілігіндегі өзгертулерінен тұрады. Аталған молекулалық
қайта құрулары –
соматикалық рекомбинациялар
деп аталады. Иммунологиялық
жағынан біздер ата-аналарымыздан тұқым қуалаушылық арқылы берілген
қабілеттіліктермен ғана шектелмейміз. Антигендерге арналған рецепторлар
құрамы, популяция ішіндегі əрбір индивидуум өкілдерінің антиденелерінің əр
түрлілігінің артуы арқылы жүзеге асады. Денелік (соматикалық) рекомбинация
нəтижесінде бір аналық жұмыртқасынан дамыған (близнецы) егіздерде де, ß-
лимфоциттерінің түрлі популяциялары болады.
Көбінесе антиген бəз-бір рецепторға қарағанда, басқасына жақсырақ келуі
мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда – бір рецепторға жақсы сəйкес келсе, басқасына –
нашарлау ұқсайды. Сөйтіп, белгілі бір антиген бірнеше антидене түзгенімен,
біреулері басқаларына қарағанда тиімді əсерлі болып келеді екен. Сондықтан,
белсенді лимфоциттер популяциясы моноклональді (бір клоннан шыққан)
болмайды. Олар
поликлональді
, яғни көптеген лимфоциттер клондарынан
шыққан деп айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: