21
басқаратын гені бар фагты апарып косқанда – жасушалардың өсе бастайтындығы
байқалған. Осы зерттеулердің негізінде ген инженериясының əдістерін пайдалана
отырып, эукариоттардың жасушаларына тікелей араласуға болатындығы
анықталды.
Эукариоттардың гендерін бактерия плазмидтері мен вирустардың ДНҚ-на
жіберу жұмыстары, жоғары сатыдағы организмдердің генетикалық материалының
молекулалық құрылымын зерттеудің жаңа бір тəсілі болып есептеледі. Ген
инженериясының əдістері, гендердің қызметі мен құрылымдық ерекшеліктеріне
тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Ген проблемасын зерттеудің мұндай деңгейінің
канцерогенездің иммунологиялық қасиетін, аллергияның, практикалық медицинада
маңызы бар басқа да құбылыстардың мəнін ашуда ерекше маңызы бар.
Ген инженериясы бойынша жүргізілген жұмыстардың негізінде, биологиялық қауіп
тудыратын проблемалардың да бар екенін ескерте кеткен жөн. ДНҚ молекулаларын
оңды-солды қолдану, биологиялық тұрғыдан өте қауіпті гибрид молекулалардың пайда
болуына əкеп соғуы мүмкін. Өйткені, соның салдарынан биосфераға жаңа патогенді
немесе мутантты гендері бар бактериялар мен вирустар қаптап кетуі ықтимал.
Кейбір рекомбинантты молекулалар қатерлі ісік (рак) тудыруы да мүмкін. Гендік
инженерияның əдістері жаңа биологиялық қарулар жасау мақсатында да
қолданылуы кəдік. Егер бұл айтылғандар жүзеге асатын болса, жалпы жер бетіндегі
тіршілік атаулыға, соның ішінде ең алдымен адам баласына қауіп төнеді.
Гендік инженерияның қол жеткен табыстарының арқасында болашақта
ауылшаруашылығының, биотехнологияның жəне медицинаның іргелі мəселелері
шешілетіні сөзсіз. Осыған байланысты өсімдіктер, жануарлар мен мироорганизмдер
селекциясы жаңа сипат алмақ. Бұл ғылымның адамда болатын тұқым қуалайтын
аурулармен жəне басқа да биологиялық кемістіктермен күресуде алатын орны
ерекше. Гендік инженерияның, сонымен қатар, əлеуметтік жəне психологиялық
мəселелерді зерттеуге де қатысы бар. Осы аталған мəселелер шешілетін болса,
адамзаттың бүкіл органикалық дүниеге үстемдігі артады, сөйтіп ол тірі табиғаттың
нағыз иесіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: