Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ 
ТІЛДЕРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
Отарбекова Жәмила Керімбайқызы
филология ғылымдарының
кандидаты, профессор міндетін атқарушы.
Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
zhotarbekova@gmail.com
Қазақ тілі лексикасының толығуында, жаңа сөздер жасауда қос 
сөздердің алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда тіліміздің лексикалық қабаты 
жинақталып әр алуан сөздіктер жасалды, олардың дыбыстық құрылысы 
мен грамматикалық сипаты танылды, көптеген сөздердің этимологиясы 
(шығу төркіні) зерттелді. Этимологиялық зерттеулер, яғни тіліміздегі 
сөздердің төркінін табу арқылы қазақ халқының әр алуан дәуірде басқа 
халықтармен жасаған қарым-қатынасын немесе ертеректегі жай-күйін 
танимыз. Өйткені, тіл лексикасының тарихынан сол халықтың өткендегі 
тұрмыс-тіршілігінің, салт-дәстүрінің, мәдени-рухани өмірінің, өзге ел-
жұртпен аралас-құралас болғандығының ізі, сәулесі көрініп тұрады.
Тілдің даму барысында кейбір сөздердің көнеленіп қолданылмай, негізгі 
сөздік қордан түсіп қалуы сияқты, қос сөздердің кейбірі қосарлану 
арқылы жаңа мағына тудырып, бұрынғы өз мағынасын жоғалтып не 
мағынасынан алшақтап кетуі заңды нәрсе. Ал бірқатар сөздер басқа 
тілден кіріп, қазақ тілінде қос сөздердің сыңары болып қалған немесе 
өз мағыналарынан алшақ, жаңа мағынада жұмсалады. Бұл жұмыста 


 Отарбекова Жәмила Керімбайқызы,
99
түркі тілдеріне ортақ қос сөздердің көне сыңарлары, басқа тілден енген 
компоненттері сөз болмақ. 
Туыстас тілдерде көп сөздердің ортақ болуы заңды құбылыс. Кейбір 
өзгешеліктерге қарамастан қазіргі қазақ тіліндегі біраз сөздер жалпы 
түркі тілдеріне ортақ. Қазіргі түркі тілдері о баста бір тілден шыққаны 
айқын. Тілдің даму процесінде кейбір бөлек тілдерде бірқатар сөздер 
өзгеріп, не жаңа мағынаға ие болып, не жоғалып отырады. Әсіресе қазақ 
тілі сияқты жаңа түркі тілдері көп өзгеріске ұшыраған. 
Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген бірқатар қос сөздердің 
сыңарлары бұл тілде осы кезеңде дербес мағынасы жоқ, не күңгірт 
тартқан, жеке қолданылмайды. Тек қос сөздің құрамында айтылып, 
екінші сөзбен қосарлану арқылы жаңа мағына тудырып тұрады немесе 
сирек қолданылып, мағынасы сараланып ашылмайды. Ал осы сөздер 
кейбір түркі тілдерінде өз мағынасында жеке сөздер болып қолданылады 
немесе көне түркі жазбаларынды қолданылған. 
Талқылау 
Қатын-қалаш, қыз-қырқын, қыз-қыршын
Қатын-қалаш. Бір топ әйелдер деген ұғымды білдіретін қос сөз. Қос 
сөз құрамындағы «қатын» тіркесі жалғыз қазақ емес, түркі тілдерінің 
көбінде ежелден қолданылып келе жатқан сөз болғандықтан, ол 
бәрімізге түсінікті болса керек. Тек ескере кететін жайт – оның ертедегі 
ұғымы «ханым, ханша, қыз» тәрізді жағымды қалыпта көрінген де, 
кейін арабтардан ауысқан «әйел» сөзінің тілімізде қалыптасу барысында 
байырғы қатын тұлғасының қадірін кетіріп, жағымсыз кейіпте ғана 
қолданылады. 
Біздің ерекше көңіл аударғалы отырғанымыз жеке тұрып 
қолданылмайтын, мағынасы түсініксіз – «қалаш» сөзі болмақ.
Кәләш татар, башқұрт тілдерінде жас келіншек, қалыңдық 
мағыналарында жұмсалады. Тува тілінде када – нағашы апа (тетя) 
мағынасында қолданылады, ал тәуелдік жалғаудың үшінші жағында 
кадазы болады, кадай әйел, қатын мағынасында. Чуваш тілінде хаташ 
күйеудің, не қалыңдықтың ата-анасы. Қазіргі ұйғыр тілінде қайаш – 


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН 
САБАҚТАСТЫҒЫ
100
туған-туысқан мағынасында. Ескі түркі жазбаларында қадаш (қаташ, 
қатас) жолдас, туыс мағынасында айтылады /1,409/.
Қазақ тілінде бұл сөздер фонетикалық өзгеріске түсіп, қалаш болып 
қос сөздің құрамында ғана жұмсалып қалған, д, т, и, л, болып алмасқан. 
Кейбір көне жазбаларда адаш-қадаш болып қосарланып айтылады. 
Осыған сәйкес тағы да бір топшылау бар. Түркі тілдеріне жақындау 
тұрған манжур тіліндегі «халаша» сөзі «қылымсыған әйел», ал «хэши» 
тіркесі «әйел» мағыналарын білдіреді. Алғашқы «халаша» сөзі мағынасы 
жақын «қатын» сөзімен тіркесіп, қос сөз жасайды да, үлкен өзгеріске 
ұшырамайды. Тек «халашаның» соңғы «а» дыбысы түсіп қалғанын 
байқауға болады. Ал «хэши» сөзі қосарланып келіп, қос сөз жасалса, 
«л» әрпі екі буынның ортасына түскен болып шығады. Бұл жерде қатын-
қалаш тіркесі мағынасы жағынан әйел-әйел дегенді білдіреді /2,48/.
Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген қыз, қызыл, қыршын, қызық, 
қызу, көрсе қызар, қырмызы, қызба т.б. сөздердің түбірі о баста біреу-
ақ – қыз (қыр). Қазіргі қазақ тілінде қыршын жеке сөз болып жұмсала 
береді. Жас, уылжыған деген мағынада. Ал көне жазбаларда (Махмуд 
Қашқари) қырқын деген сөз кездеседі. Қазіргі қазақ тіліндегідей бұл сөз 
қыз сөзімен қосарланып айтылады. 
Қыз-қырқын. Қырқын көне түрік тілінде күң, еріксіз деген мағына 
береді/3/. «Құдатғу білікте» кездесетін қырғы қызыл деген мағына береді. 
Бұлардың түбірлері қыз (қыр) болғанда, екінші жартысы (қын, шын) 
қосымша болуға тиіс. Ескі жазбаларда күң деген сөз кездеседі. 
Жеті юүз ер болып елсіреміс қағансырамыс бұдынығ, күңедміс 
құладмыс бұдынығ, түрк төрісін ычғынымыс бұдынығ ечім апам 
төрісінше жаратмыс, бошғурмыстөліс тардыш (бұдынығ анта етміш) /1, 
30-б/.
Күң сөзі қыр (қыз) сөзімен бірігіп кеткенге ұқсайды, сөйтіп, қырқын 
деген еріксіз қыз мағынасында жаңа біріккен сөз болып қалыптасып 
кетуі керек. 
Қыршын деген сөздің соңғы –шын бөлігі еркелету, кішірейту 
қосымшасы деп шамалауға болады. Мұндай сөз тудыратын қосымша 
көне түркі жазбаларында кездеседі /4. 105-б/. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет