ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ
САБАҚТАСТЫҒЫ
142
түсуі, бағаланбауы анық байқалуда. Бұл үдеріс тек біздің елімізде ғана
емес, әлемдік кеңістікте етек алып отырғаны рас. Тіпті жапондық кей
зерттеушілер әлеуметтік білімді оқытудан бас тартуға шақырғаны да
мәлім. «Экзистенциалды философияның» күні бітті деп жорамалдаушы
батыстық ғалымдар өмірдің мәнін айқындауға арналған ғылым
саласының орнына, неоэкзистенциалдық теорияны ұсынып жүруінде
де мән бар. Технократизм культінің орнығуы, тұтынушыға айналған
қоғамның «бүгін және қазір» прагматизміне бой ұруы - рухани әлсіздіктің
белең алуын алға тартты. Мұны күнделікті адамдардың бойынан айқын
байқап жүргеніміз рас.
Қазіргі ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр тоғысы мен ХХІ ғасырдың басында
пайда болған неоэкзистенциалистік теорияға ғалымдар үлкен сеніммен
қарауда. Олардың арасында философтар ғана емес, сонымен бірге
натурализм мен психоанализ теориялары ұсынған тұжырымдарға қарсы
көптеген психологтардың болуы да қуантады. Қазіргі таңда бұл теория
батыста белсенді зерттелуде. Экзистенциалды тәсіл философияда,
педагогикада, этнографияда, мәдениеттану мен тіпті медицинада кеңінен
қолданылады. Экзистенциалдық аксиологияны құру, «құндылықтар»
арқылы субъектіге әсер ету дәрежесін зерттейтін арнайы құрылған
қағида қазірде ғылыми бағыт ретінде қалыптасып келеді. Ақпараттық
қоғам жағдайында үлкен дүниетанымдық маңызға ие. Құндылықтар
жүйесін бағалау мен бағамдау адам баласының күнделікті тіршілігінен
бастап, үлкен жаһандық мәселелерді шешуге дейінгі аралықтағы барлық
әрекеттер үшін маңызды болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: