Ол Висконсин университетінде психология бойынша академиялық
курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым
докторы атанады. Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри
Харлоумен бірге жұмыс істейді.
А.Маслоу ғылымға критикалық кӛзқараста болады. Оның пікірінше,
классикалық механикалық ғылым (оның ӛкілдері бихевиоризм болып
табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді. Гуманистік
ғылымды механикалық альтернатива емес, соған қосымша ретінде
қарастырады. Осында гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық
сұрақтарымен жұмыс істейді.
Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі ӛзін-ӛзі таныту болып
табылады. Ол Фрейд психикасының ауру бӛлімін cay бӛліммен толықтыру
керектігіне тоқталған. Сондықтан А. Маслоу ӛзінің зерттеу жұмысын жаны сау,
шығармашылық қабілеттері те жоғары дамыған, әйгілі ұлы адамдарды
зерттеуден бастаған, Бұл тізімде Авраам Линкольн, Томас Джеферсон,
Альберт Эйнштейн, Франклин Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған.
А.Маслоудың докторлық диссертациясы колоннадағы маймылдардың
доминантын және сексуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған.
А.Маслоу
ӛзін-ӛзі
таныту
теориясында
психоанализге
және
бихевиоризмге
қарағанда
тұлға
табиғатының
мүлде
қарама-қайшы
анықтамасын ұсынады: адам табиғатынан жақсы және ӛзін жетілдіруге
қабілетті, адамдар - саналы әрі ойлы жаратылғандар, адамның мәнділігінің ӛзі
оны тұлғалық ӛсуге, шығармашылық пен ӛзіндік жеткіліктілік бағытында
тұрақты қозғалысқа итермелейді.
А.Маслоу
бойынша
психоанализ
психологиялық
бұзылуларды,
невроздарды зерттеу барысында қалыптасқан. Неғұрлым әмбебап психология
ғылымдарының негізі ретінде психологиялық cay, ӛзін-ӛзі танытушы
адамдарды зерттеу керек.
Оның пікірі бойынша, ӛзін-ӛзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам
табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның
ӛзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі
керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды.
А.Маслоу адам қажеттіліктерін бірнеше түрге бӛлді: а) физиологиялық
қажеттіліктер; ә) қауіпсіздікті қажет ету; б) қорғанысты қажет ету; в) ақиқатты,
адамгершілікті, әділеттілікті қажет ету. Ӛзін-ӛзі таныту туа бітсе,
қажеттіліктердің бастапқы үш тобы қанағаттандырылса ғана ӛзін кеңірек
кӛрсете алады. Міне осы, А.Маслоу ілімінің негізгі ақауы - қажеттіліктердің
бастапқы үш тобы қанағаттандырылмаған адамдардың әділеттілікті, сый-
құрметті және т.б. қажет етуінің қалай қалыптасатыны түсініксіз. А. Маслоу
антропологиялық ұстанымда қалып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша
алмады.
Достарыңызбен бөлісу: