орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер т.б.
жатады. Бұл адамның ӛмірі үшін аса қажет нәрселер. Ұнамсыз әдеттерге:
орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столда
отырып аяқты селкілдету, сӛйлегенде қыстырма сӛздерді қолдану, қолы
қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сӛйлеу
т. б. жатады.
Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жӛнінде халық "Әдет - әдет емес, жӛн
әдет" деп ӛте дұрыс айтқан. Расында да бізге керегінің ӛзі пайдалы әдеттер.
Үйреншікті әдет болмайынша, адамның істеген ісінің берекесі де болмайды.
Егер адам: ӛзінің бойына сіңген әдетіне байланысты қимылдаса, оның ісі
оңайианып, кӛңілі рахат тауып отырады. Үйреншікті әдет адамның табиғи
қылығы сияқты бойына сіңіп кетеді. "Ауру қалса да, әдет қалмайды'' деген
нақыл осы сӛзден шықса керек. Әрине, мұны тіке ӛз мағынасында түсінбеу
қажет. Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жӛнінде айтыльш отыр.
Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі - балалық шақ, әсіресе, мектепке
дейінгі дәуір. Балалардың кез-келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиеті кейде
ұнамсыз әдеттердің қалыптасуына себеп болады. Мәселен, кейбір отбасында
бала үлкендерге еліктеп шылым шеккісі, шарап ішкісі келіп тұрады. Ата-
аналар мен мұғалімдер балаларда ұнамды әдеттерді қалыптастырып, зиянды
әдеттерден баланы арылту жағын қарастыруы қажет. Атақты ағылшын
драматургі В. Шекспир: «Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште» десе,
орыс педагогі К.Д. Ушинский: «Жақсы әдет ӛсімге берген ақша, адам ӛмір
бойы соның ӛсімін пайдаланады, жаман әдет борыш, адам ӛмір бойы сол
борыштың ӛсімінен азап шегеді»,- дейді.
Ал, ежелгі үнді мақалында былай делінген: «Қылық ексең - әдет орасың,
әдет ексең - мінез орасың, мінез ексең - тағдыр орасың».
Сӛйтіп, дағды мен әдет адамның мінез-құлқының фундаменті болып
табылады. Дағды мен әдеттің негізінде мінез қырлары қалыптасады. Жақсы
қалыптасқан дағды мен пайдалы әдет адамның оқу материалдарын, еңбек
әрекеттерін тез игеруіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: