ассоциятивтік психологияның шыли ӛрескел жетімсіздіктері мен қателеріне
қарсы шыға бастады. Вундт – заттарды қабылдау – түйсіктері мен елестеу –
тездің жай ғана қосындысы, шумағы емес екендігін, перцепция мен
апперцепцияны ӛндіріп отыратын ӛте күрделі психикалық процесс екендігін
айтты. Джемс – сана әрекеттерінің сыртқы ақиқаттық дүниеден айрықша
ӛзгешеліктеріне кӛбірек кӛңіл бӛлді; психикалық әрекеттердің ӛне бойы
ӛзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы»
екендігін айтты. Әйткенмен, бұлар ассоциятивтік психологияға ашық қарсы
тұрып, оның қателерін түгел кӛрсете алмады. Эмперикалық психологияның
мынадай қателері болды:
1.
Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары»
ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі
есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық
психология идеалистік психология болды.
2.
Психика сыртқы дүниенің әсерсіз ӛзінен-ӛзі іштен пайда болып, ӛз бетімен
дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның ӛзін-ӛзі байқау әдісін
психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам ӛзінің ғана психикалық
әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық әректтерін зерттеп
білуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес,
философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл
ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны
объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке ӛзін-ӛзі байқайтын
субъективтік тәжірибесі деп түсінді.
3.
Психикалық әрекеттерді механистік кӛзбен қарау. Адам жеке тұлға
есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бӛлшектер
есебінде қаралған. Ол – сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде
қаралған.
Достарыңызбен бөлісу: