болады.
Кісінің
тәртіптілігі
оның
жинақылығымен,
іс-әрекетінің
жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны
мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның
қоғамдық әрекетімен қатар жеке ӛмірінде де ерекше маңыз алады.
Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың
оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің ӛзіне тиісінше мән
беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке ӛмірде де қатаң тәртіп сақтау,
ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сӛзбен айтқанда, осылардың
барлығын олардың қанына "сіңіріп" отыру деген сӛз.
Ерлік.
Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда
ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана
қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың,
табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай
тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам ӛзіне ӛлім қаупі тӛнсе де сасқалақтамайды, ӛз
рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай кӛтереді, ӛз
мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.
Ерлік кӛбінесе қоғамдық мәні бар істерде кӛрінеді. Сондықтан да ол адамның
ӛз
халқына,
Отанына
қалайша
берілгендігін
сипаттайтын
негізгі
кӛрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып,
кіндік кескен жерін кӛздің қарашағындай сақтап, басқыншы жаудан асқан
ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар кӛптеп кездеседі. Мәселен,
Қарасай, Қобыланды, Қамбар, Сырым, Бӛгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай,
Махамбет, Амангелді, Бауыржан т. б. осылар секілді әр рухты, намысты қолдан
бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың
бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына үлкен ӛнеге.
Дербестілік.
Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре
бермейді. Ол ӛзінше ойлайтын, ӛздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың
айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын
кӛзбен қарап, ӛз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша
сипаты.
Шыдамдылық.
Адам ӛзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың
кӛптігіне, не болмаса ӛзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан
алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып
қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық
кӛрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: