Динаева б. Б., Сапина с. М


 Зерттеудің негізгі бөлімінде не жазу керек?



Pdf көрінісі
бет33/123
Дата14.10.2023
өлшемі5,44 Mb.
#113701
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

3.2 Зерттеудің негізгі бөлімінде не жазу керек?
Әңгіме 
кез келген ғылыми мәтіннің
негізгі бөлімін 
жазу 
кезінде 
ұстанатын 
стандартты 
ережелер
туралы болмақ. Бұл жерде ең басты ереже мынадай: 
Әрбір жазбаша мәтін құрылымы «тезис - аргумент» 
байланысына бағынуы тиіс. Жұмысыңыз теориялық 
немесе эмпирикалық екендігіне байланысты бұл ереже 
әртүрлі жолмен іске асырылуы мүмкін. Мысалы, қандай да бір әдеби, 
тілдік, ғылыми дереккөздерге негізделген теориялық жұмысты алайық. 
Мұндай тақырыпты дереккөздерге қысқаша, бірақ барынша толық шолу 
жасаумен бастауға болады. Бұл арқылы сіз өзіңізге дейінгі ғылыми 
тәжірибені, ғылыми дәстүрді, осы тақырып немесе осыған ұқсас, жанама 
тақырып бойынша сізге дейінгі зерттеушілерді керсетіп қана қоймай, 
бұл ғылыми көзқарастар мен олардың авторларын білетіндігіңізді де 
байқатасыз, сонымен қатар оқырманды зерттеу тақырыбына кірістіресіз.
39


Бұдан соң зерттеуіңізде қойылған мәселені түсіндіретін қандай да 
бір идея немесе тұжырым, тезис беріледі. Бұл идея езіңіздікі болуы 
мүмкін немесе сіз өз түсіндіруіңізбен ұсынған басқа адамның идеясы 
болуы мүмкін. Осындай идея ұсынғаннан кейін, мәтіннің басты бөлігі
- аргументтерге көшесіз. Аргумент ретінде қандай да бір мысалдарды 
көптеп беру барлық жағдайда дұрыс бола бермейді. Мысалдарды жалпы 
ережелердің, көзқарастардың керінісі ретінде немесе құрғақ логикалық, 
теориялық тұжырымдарды жандандыру үшін қолдануға болады. Әрине, 
мьюал ретінде заңнамалық құжаттар келтірілетін болса, әңгіме басқа, 
себебі бұл мысалдар бұлжымасереже ретінде дәлелдеуді қажететпейтін 
мысал бола алады. Мұндай ережені барлық ғылыми зерттеулерде 
қолдануға келе бермейді. Олай болса, аргумент қалай құрылуы керек?
Аргумент келтірудің көптеген жұмысқа тән әдісі мынадай: жұмыста 
қандай да бір автордың (немесе авторлардың) ғылыми көзқарастары, 
тұжырымдары талданады. Мысалы, белгілі ғалым қандай да бірғылыми 
мәселені табысты шешті. Айталық, ғалым Ө.Айтбаев осы кезге дейін 
жүйеленбеген қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдерін жүйелеп 
керсетіпберді. Осыавтордыңзерттеулерініңнегізіндеоныңтұжырымдары 
терминологиялық тұрғыдан сауатты, жан-жақты түрде сіз қарастырып 
отырған көзқарас, ұстаным тұрғысынан талданады. Бұдан кейін аталған 
ғалым сөз болып отырған мәселені шешті. Біздің мысалымызда 
Ө.Айтбаев қазақ терминологиясының зерттелуіне жаңа дерек қосты 
деген шешім келтіресіз. Олай болса, сіз де өз жұмысыңыздың міндетін 
орындадыңыз. Сырт қарағанда бәрі дұрыс сияқты көрінгенімен, зерттеу 
жұмысында жетіспейтін нәрсе бар, ол - мәселеге деген сыни көзқарас.
Бұл жағдайда сіз қандай да бір ғалымның (ғалымдардың) теориялық 
тұжырымдарын баяндап беріп отырсыз. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ 
жұмысыңыз тек реферат сипатында ғана қалып отыр. Кез келген 
ғылыми жобада реферат элементі болуы тиіс, алайда кәсіби жұмыс 
үшін бұл жеткіліксіз. Сіздің мәтініңізде келтірілген ұстанымдарға 
қатысты сыни баға болуы міндетті. Сыни аргументсіз жақсы жұмыс 
шықпайды. Сыни аргументті түрлі тәсілдер арқылы беруге болады. 
Мысалы, түрлі авторлардың көзқарастарын қарама- қарсы қойып, екі 
кезқарасты салыстыру арқылы өз ұстанымыңызды көрсетуге болады. 
Келесі тәсіл - мүлде басқаша. Сыни аргументті бірінші жақтан беріп, өз 
тұжырымдарыңызды теориялық дәйектемелер арқылы дәлелдеп беруге 
болады.
Егер сіздің зерттеуіңіз эмпирикалық сипаттағы жұмыс болса, 
құрылымы сәл езгереді. Алдымен, зерттеу тақырыбыңызға байланысты 
қандай да бір тезис ұсынылады. Кейін қолданылған деректердің сипатын 
ашатын әдістемелік белік жазылуы тиіс. Соңында эмпирикалық зерттеу 
нәтижелері талданады. Мысалы, сіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет