Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы,
ұяң дауыссыз дыбыс.
Д дауыссыз дыбысы Жасалымы: 1. Д дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек
тіс-қы зы л иектің ш егарасы арқылы жасалады.
Ж асалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз болып
табылады.
2. Д дауыссыз дыбысы тіл ұш ының күрек
тіс-қы зы л иек ш егарасымен тоғысуы арқылы
жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы да-
уыссыз дыбыс болып табылады.
3. Д дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс жел-
безегі жартылай тербеледі, яғн и жартылай қаты-
сады. Дауыс қаты сы на қарай ұяң (тербеліңкі)
дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, тоғы сы ңқы ,
ұяң дауыссыз дыбыс.
Ғ (-Г) дауыссыз дыбысы Жасалымы: 1. Ғ дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік
арқылы жасалады. Ж асалу орнына қарай тілшік
дауыссыз болып табылады.
2. Ғ дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшіктің
тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай
тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады (сөз
ортасында жуысыңқы болып жасалады).
3. Ғ дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс жел-
безегі жартылай тербеледі, яғн и жартылай қаты-
сады. Дауыс қаты сы на қарай ұяң (тербеліңкі)
дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы (жу-
ысыңқы), ұяң дауыссыз дыбыс.
Г дауыссыз дыбысы Жасалымы: 1. Г дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таң-
дай арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл
ортасы дауыссыз болып табылады.
2. Г дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таң-
дайды ң тоғы суы арқы лы жасалады. Ж асалу
тәсіліне қарай тоғы сы ң қы дауыссыз дыбыс бо-
лып табылады (сөз ортасында жуысыңқы болып
жасалады).
3. Г дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс жел-
безегі жартылай тербеледі, яғн и жартылай қаты-
сады. Дауыс қаты сы на қарай ұяң (тербеліңкі)
дауыссыз дыбыс болып табылады.