1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


 Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және көшпелі қоғамды



Pdf көрінісі
бет40/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

27. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және көшпелі қоғамды 
отырықшылыққа күштеп көшіру. 
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты 1927жылы желтоқсанда 
компартияның XV съездінде жарияланды. 1925-1933 жылдар аралығында 
билік еткен Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен қазақ жеріне, 
қазақ еліне үлкен қасірет әкелді. Ол «Кіші қазан» төңкерісін өткізуді 
ұсынысып, Қазақстан жерін индустрияландыру, кейінірек ауыл 
шарушылығын ұжымдастыру саясатын қабылдау туралы қаулыға қол 
қойылды. Қаулыға сай, байлардың шаруашылығын тәркілей отырып, оларды 
тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді және тәркілеу 
науқаны халықты қорқыту, зорлау арқылы іске асырылды. Шаруаларды 
күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны тез өсіп 
1927 жыл 1072 болса, 1928 жылы- 2354, ал 1929 жылы- 4876-ға жетті. Осы 
шаруашылықты құру барысында неше түрлі күштеуге жол берілді. 


Әміршіл - әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында 
ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен 
жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылықтарда да ол сондай қарқынмен 
жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды 
қайтарымы өзін көп күттірген жоқ.
1928 жылы Қазақстанда аса ірі бай шаруашылықтарды және орташа 
байлардың (кәмпескелеу) мал мүлкін тәркілеу, оны мемлекетке өткізу және 
оларды жер аудару туралы құжат қабылдады. 
Тәркiлеу жөнiндегi Қаулыға сәйкес Қазақстан бойынша көшпелi аудандарда 
400-ден аса малы бар ipi қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай 
көшпелi аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 шарушылықты 
тәркіге салу белгiлендi. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау 
жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша ic жүзiнде 696 
шаруашылық тәркігe салынды, олардың 619-ы тұрған oкругінен тыс 
жерлерге айдалды. Тәркiленгендерден ipi қарағa шаққанда 145 мыңдай мал 
және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды. 
Қазақ байларын тәркiлеу барысында заңға қайшы көптеген 
бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбiр жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, 
орта қолды дәулеттi шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. 
Ал қайсыбiр жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, 
оларда тәркіге жатты. 
Осыған байланысты 657 бай-кулак жер аударылды. Олардан 145 мың мал 
тартып алынды. Ауыл шаруашылық құралдары шаруашылыққа бөлінді. Олар 
тіпті үй ішіндегі заттарға дейін тартып алып отырды. Наразылық 
білдіргендерді сотсыз түрмеге жауып тастау заңға айналды. 
Бұлар колхоздастыру саясатын жүргiзудегi жоғары көрсеткiштерге қол 
жеткiзу үшiн құрылған жасанды шаруашылықтар едi. Оларды құру 
барысында нeбip сұмдық зорлыққа, күштеуге жол берiлдi. 
Елде күш көрсету, орынсыз кәмпескелеу, шаруалардың малын жөнсіз 
кәмпескелеу, тұрақты орынан күштеп көшіру орын алды. 
Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. 
Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылы, олар өте көп 
шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған 
қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен 
қырылды. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн 
600 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн 506 мыңнан 1 млн 386 мыңға, жылқы 3 
млн 616 мыңнан 16 мыңға, түйе 1 млн 42 мыңнан 63 мыңғa азайып кетті. 
Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарды астық өндіруден үлес 


салмағы 9%-дан 3%-ға кеміді . Халықтың тұрмысы нашарлап, 
қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын 
туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі 
болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Қазалы, 
Қармакшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, 
Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз 
басылып , оған қатысқандардан 5551 адам сотталды , олардың 883 атылды. 
Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам 
адам жазаланды.
Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және 
ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. 
Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы 
қуаңшылықпен тұстас келді. Республикада аштықтан өте көп адам қырылып, 
қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 1 млн 760 мың адамынан, 
яғни қазақ ұлтының 40% -нан айырылды . Республикада тұратын басқа 
халықтар да сан жағынан кеміді.
Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші 
хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. 
Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық әдіс 
қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп 
жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің 
тікелей басшылығымен 1920 жылы -31, 1030 жылы - 82, 1931 жылы - 80 
жалған контрреволюциялық ұйымдар ашылып , бұл ұйымдардың мүшесі 
болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары 
қамауға алынды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру 
туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-
сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын 
отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда 
қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан 
Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған 
отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің 
ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың 
қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын 
отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты 
отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл 
отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. 
Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді 
шараға айналдыруға барынша күш салды. 


Белгілі мемлекет қайраткерлері Ғ.Мүсірепов, Қ.Қуанышев, М. Ғатауллин, 
Е.Алтынбеков, М. Дәулетқалиев Ф.И.Голощекинге елді жайлаған аштық пен 
оның себептері туралы хат жазды. Бұл хат «Бесеудің хаты» деген атпен 
тарихқа енді. 
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұлов И.С.Сталинге ашық 
хат жазды. Ол республикамыздағы ұжымдастыру зардаптары, елдегі аштық, 
халықтың қасіреті туралы жазды. 
Кеңес үкіметі кеш болса да ұжымдастыру зардаптарын жою жолында 
жұмыстар жүргізді. Күштеп жасалған колхоздарды таратты. 4-5 жылда 7 
мыңнан астам колхоз ұйымдасты. Онда 20 мыңнан астам трактор жұмыс 
істеді. Тартып алынған мал-мүлікті халыққа қайтарды. Ашаршылыққа 
ұшыраған халыққа 30 млн. сом, 2 млн. пұт астық берді. Қазақстанда 
ұжымдастыру саясаты қазақ халқының тарихында қасіретті оқиғалардың бірі 
ретінде қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет