Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып



Pdf көрінісі
бет19/71
Дата14.10.2023
өлшемі2,07 Mb.
#114143
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
Байланысты:
ҚТ 7-с

Бағалау критерийі: 
Білім алушы 

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен 
аяқталуын болжайды.

Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз 
көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі: 
Орындау уақыты:
Жоғары деңгей дағдылары 
15-20 минут
 
1-тапсырма. 
Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан оқиғаның дамуы мен аяқталуын 
болжаңыз. 
 
Тыңдалым мәтіні 
Астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң 
қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген 
тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам 
баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың 
үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние 
ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан -
ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға 
қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. 
Сұрақ: Нанның қасиетіне орай айтылған қандай тыйым сөздерді атап бере аласыз? 
Жауабыңызды себебімен дәйектеңіз. 
Жалғасы: 
«Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір 
қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті 
адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға 
болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары 
бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге 
тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-
біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы 
нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға 
жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі 
осыдан келіп шыққан. 
Кейбір адам қонаққа шақырып отырып «ойбұй, нан қоюды ұмытыппыз» деп жатады, яғни
нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз. Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет