71
Ә мәтіні
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән ән дәстүрі дүниеге келді.
Соның нәтижесінде бай музыкалық мұрасы жасалды, мәдениеті қалыптасты. Қазақ әнінде
халық өнерінің әр кезеңіндегі тыныс-тіршілігі, заман үні көркем көрініс тапқан.
Халқымыздың бізге жеткен ән-жыр нұсқаларының көпшілігі қазақ дәстүрлі ән өнерінің
көшбасшылары, ақын Біржан сал, Ақан сері, Жаяу мұса, Ыбырай және т.б. дарын иелерінің
мұралары болып табылады. Дарқан даланы той-думанға бөлеген әнші әрі жыршы, ақын әрі
батыр қазақ халқының «Ән – көңілдің ажары» деген нақыл сөзі бар. Ұлттық дәстүрлі музыка
қорымыздағы ең көп сақталғаны да осы – ән өнері. Өмірдің әр құбылысын әнге қосып, өз
шежіресін әнмен жазған халқымызда шығарушысы ұмытылса да, мәтіні мен әуезі ел
жадында сақталып келе жатқан бірнеше мың халық әндері бар. Тарихтың сан қилы
талқысынан сүзіле өтіп келе жатқан бұл әндер ұлттық болмыс пен қасиетті, тұрмыс-
тіршілікті білдіретін айрықша құндылық болып саналады.Адам көңілінің әр сәтін ән арқылы
небір әшекей-өрнектермен әсем безендіріп, нанымды суреттелгеніне бізге жеткен
халқымыздың бай ән мұрасының кез келгені мысал бола алады. Әдебиеттің, музыканың,
театрдың бастауы болып табылатын фольклор өнердегі, көркемөнер шығармашылығындағы
өзіндік орнын ешқашан жоғалтпақ емес.
Достарыңызбен бөлісу: