90
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология
Ғылыми фантастика. Пунктуация
Тыңдалым мен айтылым
1-НҰСҚА
Тапсырма
1.
Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер
келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз.
2.
Жұбыңыздың
жауабын
тыңдап,
өз
жауабыңызмен
салысытырыңыз.
Көзқарастарыңызда ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма?
[10]
1-мәтін
Кенет құлақ тұндырған жарылыс пен қып-қылыл от аспанды қақ айырғандай болды.
Жер дірілдеп, әуе жаңғырып, қала отқа орана бастады. Ал тұрғындардың көпшілігі киініп те,
қаруын алып та үлгермеген еді. Міне, Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Дәл осы күні
фашистік Германия сақадай сай тұрған әскерімен Кеңес үкіметінің жеріне басып кірді. Аса
дайындықпен баса-көктеп енген неміс әскерінің қаһарына бірінші болып Брест қаласы ілікті.
Қаладағы жауынгерлердің жанкешті қарсылығы Белоруссияның бір шетіндегі елеусіз қаланы
тарихи қалаға айналдырды.
Сонымен, Ұлы Отан Соғысы туралы таңғаларлық мәліметтерге тоқталсақ:
Жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа 34 млн 476 мың адам қатысты. Ресми мәліметтер
бойынша, Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, оның 1 млн 366 мыңы
қазақстандық. Қан майданға Қазақстанның әрбір 5-ші азаматы аттанды. Ал соғысқа аттанған
қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі майдан даласында қаза болған. Сондай-ақ, 601 815
жауынгер елге оралған жоқ.
Екінші дүниежүзілік соғыс барлық жанжалдар тарихында ең жойқыны болды. Оған ең
көп қаржы жұмсалды, көп мүлік қирады, өте көп адам қаза тапты және тарихтағы кез-келген
соғысқа қарағанда ең терең өзгерістер әкелді.
Cұрақ:
Берілген соғыс суреттеуінен адамзатқа маңызды нені атап көрсетер едіңіз?
Неліктен адамзат баласы зұлмат күш «соғысты» өз қолымен жасауға құштар?
Қазақстандықтардың осы соғысқа қатысуына қатысты сіз қандай көзқарастасыз?
Достарыңызбен бөлісу: