Т. Жакетаева



Pdf көрінісі
бет18/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

 
5.1
Судың сапасының тұрғындар денсаулығы жағдайына әсері
 
Ауыз суымен байланысты қауіптіліктің неғұрлым таралған түрі оның 
іркінді сулармен немесе адам мен жанарлардың нәжістерімен ластануы. Елді 
мекендерде ішек инфекциясы аурулары белсенді жүріп жатқан науқастар 
немесе қоздырғышты тасымалдаушылары бар болса, су көздерінің нәжіспен
ластануы суда патогенді микроағзалардың пайда болуына әкеледі. Бұндай 
суды ішуге, тамақ дайындауға, шомылуға пайдалану, тіпті гидроаэрозольмен 
тыныс алу (себезгіні қабылдау, кондиционер жұмысы) ауру туғызуы мүмкін.
Бұл қатердің дәрежесі көптеген факторларға байланысты: қоздырғыш 
түрі, оның вируленттілігі, ауыз суындағы концентрациясына, сыртқы орта мен 
дезинфектанттар әсеріне тұрақтылығы, адамға әсер ету мүмкіндігінің сипаты 
және т.б.
Ішек инфекцияларының су арқылы берілуі келесі жағдайларда ғана 
мүмкін


науқастардың немесе бацилло
тасымалдаушылардың нәжістерімен ауру 
қоздырғыштарының суға түсуіне мүміндік болса;

суда қоздырғыштардың ұзақ уақыт бойы суда өмір сүру қабілеті мен 
вируленттілігі сақталса;

зақымдалған судың адам ішегіне түсуі мүмкін болса.
Бұрынғы уақытта ішек инфекцияларының су арқылы берілуінің басым 
болуынан инфекциялық аурулардың денгейі жоғары болатын. Бұған бірінші 
кезекте неғұрлым жиі таралған инфекциялар –
іш сүзегі мен дизентерия, 
холера жатады

Қазіргі уақытта көптеген алдын
алу шараларының жүргізілуінен (су 
көздерін санитарлық қорғау, табиғи және іркінді суларды тазалау мен 
залалсыздандыру сияқты шаралар) жұқпалы аурулардың су арқылы берілуі 
кеңінен таралмаған. Дегенмен, Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау 
ұйымының мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 500 млн
-
ға жуық адам 
судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сапасыз суды пайдалаудан 
жұқпалы аурулардан зардап шегеді. Бұл Азия, Африка және Латын
Америкасының сияқты дамушы елдердің санитарлық жағдайы төмен 
аудандарында жиі орын алған. Дегенмен Европа мен Солтүстік Американың 
экономикалық дамыған елдерінде, сонымен қатар біздің елімізде, әсіресе 
балалар арасында жедел ішек инфекцияларының тарауы байқалады. Олар су 
құбырларының құрылысы мен пайдалануының бұзылуымен, апаттар 


25 
нәтижесінде суқұбыры желісінің ластануымен, сонымен қатар ауыз суын 
залалсыздандыру процесін бақылаудың жеткіліксіздігімен байланысты.
БҰҰ мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 1 млн
-
ға дейін бұрын 
болмаған өнімдер шығарылады, соның ішінде 100 мыңға дейін
химиялық 
қосылыстар, оның 15 мыңға жуығы токсиканттар болып табылады. Сыртқы 
ортаға түсетін химиялық қосылыстардың 80% дейінгісі ерте ме кеш пе 
өнерәсіптік, тұрмыстық және жауын
-
шашын ағыстарымен табиғи суларға 
түседі деп есептелінеді. Нәтижесінде ауыз суында адамдардың денсаулық 
жағдайына кері әсер етуге қабілетті ондаған, ал кейде жүздеген улы химиялық 
заттар бір уақытта болуы мүмкін.
Осыған байланысты маңызды, басым ластағыштарды таңдау күрделі 
міндет болып табылады және улы агенттердің сипаттамасының барлық 
жиынтығын және олардың тұрғындар денсаулығына әсер ету мүмкіндігінің 
ерекшеліктерін ескеретін критерийлерге негізделуге тиіс. Химиялық 
қауіпсіздік бойынша Халықаралық бағдарламаға сәйкес бұндай критерийлерге 
жатады


су көздері мен ауыз суында токсиканттардың кеңінен таралуы


ауыз суында токсиканттардың тұрғындардың денсаулық жағдайында 
қолайсыз
өзгерістер туғызуға қабілетті денгейде болуы


улы заттардың орта факторларының, соның ішінде судың әсеріне 
тұрақтылығы

оның заттар айналымының табиғи процесіне ену және ағзада 
жиналу мүмкіндігі


адамға улы агенттің қолайсыз әсерінің жиілігі мен ауырлығы, әсіресе 
генетикалық және канцерогенді эффектімен жүретін ағзада қайтымсыз және 
ұзақ
өтетін түрдегі өзгерістер


бастапқы затқа қарағанда улылығы мен қауіптілігі жоғары өнімдердің 
түзілуіне әкелетін химиялық заттардың суда немесе адам ағзасында өзгеруі


химиялық қосылыстардың әсеріне ұшыраған 
популяция көлемі
(
барлық
популяция; кәсіптік контингенттер

берілген токсиканттың әсеріне 
сезімталдығы жоғары халық топтары
). 
ДДҰ ұсыныстарына сәйкес ауыз суында табылатын улы химиялық 
қосылыстарды
екі топқа бөледі


су құбырының тосқауыл
-
тарату жүйесінен өткен кезде концентрациясы 
өзгермейтін және су көзіндегі бұл заттардың мөлшеріне ғана байланысты 
заттар
(мышьяк, селен, цианидтер, фторидтер, хлоридтер, сульфаттар және 
басқалар
); 

су құбырының тосқауыл
-
тарату жүйесінен өткен кезде концентрациясы 
өзгеретін заттар
(алюминий, кадмий, хром, қорғасын

сынап, хлороформ, 
төртхлорлы көміртегі, акриламид және басқалар
). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет