26
5.2
Су қоймалары суларының сапасын нормалаудың қазіргі
заманғы
принциптері
Сулы ортаны санитарлық қорғау гигиеналық
нормалар принциптері
негізінде дамиды. Бұл технология мен санитарлық техника саласында
прогресті жақсартып қана қоймай, іркінді суларды ағызу мәселесін неғұрлым
экономикалық жағынан шешуге және санитарлық бақылау (ескертпелі және
ағымдағы) жүргізуге мүмкіндігін береді.
Су қоймаларын қорғау саласындағы судың сапасын қалпына
келтіретін
негізгі заңды құжаттар
СанЕмН (санитарлық ережелер мен нормалар) «ҚР
беткейлік суды
қорғау ережелері және МЕСТ
(мемлекеттік стандарт)
«Орталық
-
тандырылған шаруашылық
-
ауыз сумен қамтамасыз ету» болып
табылады. МЕСТ шаруашылық
-
ауыз суы мақсаты үшін қолданылатын су
қоймаларының кез келген жеріндегі су сапасын регламенттейді, ал СанЕмН
суды пайдалану жерлеріндегі су сапасын регламенттейді.
Нормативтер суды
пайдалану мақсатына байланысты болып келеді.
СанЕмН «ҚР беткі суларды қорғау ережелеріне» сәйкес суды
пайдаланудың 3 түрі бар:
шаруашылық
-
ауыз суы –
су нысандарын немесе олардың бөліктерін
шаруашылық
-
ауыз суы мақсатында, сонымен қатар тағам өнеркәсібін сумен
қамтамасыз ету үшін пайдалану;
Коммуналдық
-
тұрмыстық –
су нысандарын шомылу үшін,
спортпен
шұғылдану және тұрғындардың демалуы үшін пайдалану;
Балық шаруашылығы –
су нысандарын балықтардың
және басқа су
жануарларының тіршілік етуі, көбеюі мен таралуына пайдалану.
Су нысандары суларының сапасы нормасына жатады:
-
су ағыстары мен су қоймаларындағы сулардың құрамы мен қасиеттеріне
қойылатын
жалпы талаптар
-
тұрғындардың шаруашылық
-
ауыз су және комуналдық
-
тұрмыстық
мақсаты үшін қолданылатын су нысандары суларындағы қалпына
келтірілетін
заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясының (ШРК) тізімі
-
балық шаруашылығы мақсаты үшін қолданылатын су нысандары
суларындағы
нормаланатын
заттардың
шектеліп
рұқсат
етілген
концентрациясының (ШРК) тізімі
Химиялық құрамы бойынша судың сапасының негізгі критерийі
шектеліп
рұқсат етілген концентрация болып табылады. Судағы заттардың ШРК –
бұл
адамның
барлық өмір сүру барысында оның ағзасына
және кейінгі ұрпағына
тура және жанама әсер етпейтін, суды пайдаланудың гигиеналық жағдайын
нашарлатпауға тиіс судағы зиянды заттардың максимальды концентрациясы.
Заттар үшін ШРК
-
ті бекіту оның су қоймасының жалпысанитарлық
тәртібі мен өздігінен тазалануына (зияндылықтың жалпы
санитарлық
көрсеткіші),
судың
органолептикалық
қасиетіне
(зияндылықтың
органолептикалық көрсеткіші) және тұрғындар денсаулығына (зияндылықтың
санитарлық
-
токсикологиялық көрсеткіші) әсерін игеруге негізделеді
27
ШРК анықтау үшін гигиеналық зерттеу схемасы (С.Н Черкинский
бойынша)
1.
Заттың физикалық –
химиялық қасиетін игеру
2.
Жалпы санитарлық зияндылық көрсеткіш бойынша заттардың
табалдырық концентрациясын бекіту.
3.
Зияндылықтың органолептикалық көрсеткіші
бойынша табалдырық
концентрациясын бекіту
4.
Зияндылықтың санитарлық –
токсикологиялық көрсеткіші бойынша
табалдырық
асты концентрациясын бекіту
5.
ШРК
-
ті ен аз белгілі бір концентрация ретінде бекіту.
Табалдырықты
дегеніміз, ең төменгі әсер ететін концентрация,
табалдырықасты ең үлкен әсер етпейтін концентрация.
Ең аз табалдырық және табалдырықасты концентрацияға сәйкес келетін
зияндылық көрсеткішін лимитті деп атайды.
Адам ағзасына
заттардың әсерін зерттеу жануарларға эксперимент
жүргізумен жасалады. Эксперимент 3 кезеңнен тұрады: жедел, жеделдеу,
созылмалы. Жедел тәжірибенің мақсаты
заттардың улылық дәрежесін, оған
тәжірибелік жануарлардың жыныстық және түрлік сезімталдылығын, сонымен
қатар «нысана» мүшені
белгілеу
.
Жеделдеу тәжірибесінде заттардың кумулияциясы анықталады, оның
патологиялық әсерінің патогенезі анықталады, созылмалы эксперимент
жүргізу үшін концентрация белгіленеді. Созылмалы эксперименттің мақсаты
заттардың әсерінің
кейінгі салдарын игеру (репродуктивті
функциясын,
гонадотропты, эмбриотропты, мутагенді, канцерогенді, аллергенді әсер етуі)
және табалдырықасты концентрациясын белгілеу.
Табалдырықасты концентрация санитарлық
-
токсикологиялық зияндылық
көрсеткіші
бойынша
қор коэффициенті көмегімен анықталады. Қор
коэффициенті эксперимент нәтижелерін адамға
экстраполияциялауға
мүмкіндік береді. Қор коэффициентінің шамасы заттардың улылық дәрежесіне
байланысты.
Химиялық заттардың біріктірілген әсерін есепке ала отырып су
сапасын нормалау
.
Балық
шаруашылығы үшін суды пайдалану мен
шаруашылық
-
ауыз суы мен коммуналды
-
тұрмыстық
суды пайдалануда су
нысандарына лимитті көрсеткіші бірдей бірнеше заттардың түсуінде әрбір
заттың концентрациясының сәйкес ШРК
-
ке қатынасының қосындысы бірден
аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: